Балабақшалардағы тазалық алаңдатарлықтай деңгейде - Ақтау

АҚТАУ. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Ақтау қаласындағы мектепке дейінгі мекемелердің қай-қайсысында болмасын  балалардың тамақтан улануы орын алса немесе жедел ішек инфекциясы ауруларының саны артса, балабақша басшысы заң алдында жауап береді.
None
None

Бұл туралы Маңғыстау облыстық мемсанэпидқадағалау департаментінің бастығы Бекмұрат Өтесінов мәлімдеді. Облыстағы барлық балабақша директорларымен өткізілген жиын барысында алдағы жаз айындағы маусымдық жедел ішек инфекциясының туындау себептері және олармен күресу жолдары айтылды.

  Тәртіп бар жерде тазалық бар, тазалық - деннің саулығына кепіл. Осылайша тәртіпке шақырып жатқан облысымыздың бас санитары мектепке дейінгі мекемелерде қандай да бір жағдай туындайтын болса үлкен көлемде айыппұл салынып, бала денсаулығына немқұрайлы қарағаны үшін болған істі мойнымен көтеруге тура келетіндігін айтты.

 Маңғыстау облысындағы жедел ішек инфекциясы ауруларының 80 пайызы - балаларға тиесілі. Оның ішіндегі 70 пайызын 3 жасқа дейінгі сәбилер құрап отыр. Жұқпалы аурулардың қарқынды мерзімі маусым, шілде және  қазан айларында болады екен. Бұл туралыэпидемиологиялық бөлімнің бастығыГүлзат Максимова айтты.     

  Балабақшадағы балаларды күн сайын медициналық тексерістен өткізу  бүлдіршіннің дене температурасын, терісін, бет әлпетіндегі өзгерісті бақылап, қандай да бір ауру белгісі байқалса дер кезінде дәрігерге көрсету және топтан оқшаулау болып табылады. Жиында осы мәселені қозғаған санитар мамандар балабақшадағы «фильтрдің» белсенді жүзеге асуын, балаларды тамақтандыру ережелері қатаң бақылауға алынуын баса айтты.

 «Мектепке дейінгі ұйымдар - орта дәрежедегі қауіпті топқа жатады.Сондықтан тоқсан сайын санитарлық талаптарға сәйкес тексеру жүргізіліп тұрады. Егер балабақшаларды 1 жылдың ішінде 4 рет тексеруден өткізгенде ешбір заң бұзушылық болмаса, келесі жылы 1-ақ рет қана тексеретін деңгейге ауыстырамыз. Егер ол жылы тексеру қорытындыларында ақау табылған болса онда тоқсан сайын тексеретін деңгейге қайтадан жіберетін боламыз. Мұның барлығы балабақшалардағы санитарлық ережелердің қалай жолға қойылғандығын көрсетеді. Осы уақытқа дейін еш жерде 100 пайыз санитарлық тазалық ережелері сақталғанын көрмедім»,- дейді Ақтау қалалық МСЭҚБ бастығы Салтанат Өтеева.

Соңғы жаңалықтар