Балаға зорлық-зомбылық көрсетілсе балабақша лицензиясынан айырыла ма

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүлдіршінге балабақша қабырғасында қандай да бір зорлық-зомбылық көрсетілсе, онда ол ұйым лицензиясынан айырыла ма? Бұл сұраққа Мектепке дейінгі білім беру комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оның айтуынша, лицензиялау – балабақшаларды жабу мақсатында жасалып жатқан шара емес. Ол мектепке дейінгі білім беретін мекемелердің сапасын арттыруға, оларды бағыттауға арналған.

«Балаларды ұрып-соғу жағдайлары орын алса, ол жеке қаралады. Әрине, барлық жағдай бірдей емес. Ең бастысы – білім беру ұйымы өз жұмысын стандартқа сай жүргізуі тиіс. Егер осы талаптар орындалса, ешқандай сұрақ туындамайды. Бекітілген нормативтік тәртіптер бұзылған жағдай дәлелденген кезде заңға сәйкес тексеру жүргізіледі. Қазіргі таңда балабақшаларға 3 мүмкіндік беріледі. Осы үш мүмкіндікті пайдаланып, жағдайын дұрыстамаса, онда лицензиядан айыру туралы сұрақ туындайды», - деп атап өтті Гүлмира Кәрімова.

Бұдан өзге, комитет төрағасы лицензия талаптары мен біліктілік ережелері әлі бекітілмегенін жеткізді. Оның айтуынша, нормативтік құжат сарапшылар, балабақша басшылары және жауапты ведомсво өкілдерімен ақылдаса отырып дайындалады.

Гүлмира Кәрімова бұған дейін бақшаларды лицензиялау кезіне сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендейтінін мәлімдеген болатын.



Соңғы жаңалықтар