Балалар денсаулығы: Қазақстан ДДҰ-мен бірге жаңа медициналық құрал әзірледі
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда 1000 беттен астам көлемде балалар мен жасөспірімдерге медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) көрсету бойынша ДДҰ-ның жаңа қалта анықтамалығы шығарылды. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта кітаптың редакциясы жүргізілуде, анықтамалықты цифрландыру және мемлекеттік тілге аудару жоспарланып отыр.
— Құжат дәрігерлерге, мейіргерлерге және денсаулық сақтаудың бастапқы мекемелерінде көмек көрсететін басқа да денсаулық сақтау қызметкерлеріне арналған ең өзекті құрал болып табылады. Онда дәрігерлер, мейіргерлер және балалар мен жасөспірімдерге МСАК деңгейінде көмек көрсететін басқа мамандарға арналған ДДҰ-ның соңғы клиникалық ұсыныстары бар.
Нұсқаулық ең көп таралған шағымдар мен жағдайлары бар балалар мен жасөспірімдерді қалай басқаруға және қайда бағыттауға болатынын сипаттайды. Анықтамалықта ұзақ мерзімді бұзылулары мен аурулары бар балалар мен жасөспірімдерге көмекті үйлестіру үшін МСАК мамандарына арналған ақпарат берілген, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ туғаннан бастап ересек жасқа дейінгі денсаулықтың алдын алу және нығайту шаралары, соның ішінде дені сау балаға бару кезеңдері бойынша кеңестер, ерте шақтағы дамуды бақылау және жасөспірімдерге олардың денсаулығына қатысты кеңестер беріледі.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығымен ДДҰ-ның елдік офисінің қолдауымен 30 маманнан тұратын мультидисциплиналық жұмыс тобы құрылды, оның ішінде ұлттық және өңірлік ӘППМ/БШАЫҚ үйлестірушілері, бейінді ұлттық орталықтар, Ұлттық медициналық университеттердің балалар аурулары және неонатология кафедралары және бейінді мамандар (психиатрлар, балалар акушер-гинекологтары, травмотологтар, ЛОР мамандары және т. б).
Пікірлер мен ұсыныстар ДДҰ-ның медициналық көмектің сапасы жөніндегі Еуропалық офисімен (Афина, Греция) ДДҰ-ның тағайындалған тәуелсіз сарапшысымен үздіксіз кеңесу арқылы жұмыс кеңестері аясында талқыланды.

Қарқынды жұмыс нәтижесінде балалар мен жасөспірімдерге арналған МСАК бойынша қалталы анықтамалықтың Қазақстандық нұсқасы әзірленді.
Жұмыс Данияның LEGO Қорының қаржылық қолдауымен «Денсаулық сақтау және онымен байланысты секторлар арқылы ата-аналарға қолдау көрсету үшін ғылыми негізделген араласуды кеңейтуді қолдау» жобасы шеңберінде жүргізіліп жатыр.
Айта кетелік Инновациялар мен скрининг: Қазақстан денсаулық сақтау саласын жаңа деңгейге шығарды.