«Балалар Евровидениесіне» ұлттық іріктеудің финалы тікелей эфирден көрсетіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 22 қыркүйек күні Алматы қаласындағы «Halyk Arena» стадионында «Балалар Евровидениесі» байқауына республикалық іріктеудің финалы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасы.

Өңірлік іріктеулерден өткен 10 қатысушы алғаш рет тікелей эфирде, мыңдаған көрерменнің алдында ән айтады. Гала-концертті «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Көрермендер өздеріне ұнаған қатысушыға смс жолдау немесе телефонмен хабарласу арқылы дауыс бере алады. Әр балаға арнайы нөмірлер бекітіледі. Дауыс беруге әділқазылар алқасы да қатысады. Жеңімпаз көрермендер мен әділқазылардың ортақ шешімімен анықталады.

Сондай-ақ бағдарламада отандық музыка саласының әртістері өнер көрсететіні күтілуде.

Кеш жүргізушілері Майя Бекбаева, Нұрсұлтан Құрман, Марат Оралғазин және Еркебұлан Мырзабек.

Кеш бағдарламасы:

18.30 - 20.00 Гала-концерт (тікелей эфирде көрсетіледі)

20.00 - 20.30 Дауыс беру

20.55 Жеңімпазды хабарлау (тікелей эфирде көрсетіледі)

21.20 Жеңімпазбен брифинг  

Бұған дейін хабарлағанымыздай, әділ қазылары құрамында танымал кәсіби әншілер мен продюсерлер Роза Рымбаева, Мейрамбек Беспаев, Тамара Асар, Бағым Мұхитденова, Ерке Есмахан, Қайрат Нұртас, Ренат Ғайсин, Ләйлә Сұлтанқызы, Мәдина Сәдуақасова және Димаш Құдайберген бар.

«Junior Eurovision Song Contest» халықаралық ән байқауы 9 жастан бастап 14 жасқа дейінгі орындаушылар қатысатын «Евровидениенің» аналогы. 15 жылдық тарихы бар байқауға еліміз алғаш рет қатысқалы отыр. Дүбірлі доданы Қазақстан аумағында «Хабар» телеарнасы трансляциялайды.

2018 жылғы 1 тамыздан бастап «Хабар» агенттігі «Junior Eurovision Song Contest» халықаралық ән байқауына қатысу үшін үміткерлердің республикалық іріктеуін жүргізді.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram