Балалар мерекесі: Алматыда 1 маусым күні қайда баруға болады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 1 маусым күні концерт және фестивальдар, танымдық және мәдени-демалыс бағдарламалары, шығармашылық шеберлік сыныптары қамтитын ауқымды мерекелік іс-шаралар өтеді.

Балалар мерекесі: Алматыда 1 маусым күні қайда баруға болады
Фото: Алматы әкімдігі

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған басты оқиға - «БALAFEST, JARYQ SKILL FEST» фестивалі болады. Іс-шара Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова атындағы саябақиа сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін өтеді. Онда балалар экологияға, мәдениетке, салт-дәстүрлерге, технологияларға және кәсіптерге арналған тақырыптық аймақтарға барып, сыйлықтарға айырбастауға болатын ойын валютасын жинайды.

Сонымен қатар 1 маусымда Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында «BalaStar Almaty» отбасылық фестиваль-концерті өтеді. Концерттік бағдарлама сағат 11:00-де басталады. Оған қазақстандық эстрада жұлдыздары - Роза Рымбаева, Жарқынай Ханайым, Айгүл Қосанова, Диная, сондай-ақ «Сармат», «Гүлстан» ансамбльдері және «Бозторғай» вокалдық студиясы қатысады. Қаланың хореографиялық студияларынан 200-ден астам баланың қатысуымен «Алматы жүрегімде» мерекелік флешмобы ұсынылады.

Балалар мерекесі: Алматыда 1 маусым күні қайда баруға болады
Фото: Алматы әкімдігі

Ал Almaty Gallery кіші залында сағат 12:00-де жас суретші Рауана Олжастың «Менің балалық шағымның палитрасы» атты жеке көрмесі ашылады. Көрме 15 маусымға дейін ашық болады.

Бастауыш сынып оқушыларына арналған танымдық іс-шара Алматы қаласының тарихы мұражайында өтеді. Күні бойы мұнда «Жас археолог» ойыны ұйымдастырылады, оның барысында балалар археология негіздерімен танысады.

Арнайы мерекелік бағдарлама қалалық кітапханаларда да өтеді. 1 маусым күні сағат 10:00-ден бастап Махатма Ганди атындағы саябақта №4 кітапхананың қатысуымен «Алматы – бақытты балалар қаласы» атты ауқымды мереке басталады.

Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында №92 мамандандырылған лицейдің оқушылары әдеби оқуларға, байқауларға және көркемдік іс-шараларға қатысады. 2 маусымда С.Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында театрландырылған қойылыммен, шеберлік сыныптарымен, флешмобпен және хайуанаттар бағымен байланыстыратын «Кітап жазы» мерекесі өтеді.

Балалар мерекесі: Алматыда 1 маусым күні қайда баруға болады
Фото: Алматы әкімдігі

1 маусымда Алматы хайуанаттар бағының базасында жазғы зообақ - 9 жастан 16 жасқа дейінгі оқушыларға арналған білім беру жобасы жұмыс істей бастайды. Сабақтар тегін негізде өтеді және оны хайуанаттар бағының мамандары - зоологтар, ветеринарлар мен педагогтар жүргізеді. Қатысу үшін «Мен неліктен Хайуанаттар бағында оқығым келеді» тақырыбында эссе жазу қажет болды.

Одан бөлек 1 маусымда мерекелік іс- шаралар қаланың әр ауданында өтеді:

Алмалы ауданында сағат 12:00-де Ганди саябағында ойындар, байқаулар ұйымдастырылып, тақырыптық балалар іс-шарасы өтеді.

Алатау ауданында сағат 11:00-де Зерделі скверінде (Зерделі шағын ауданы, 180а) балаларға арналған мерекелік іс-шара: концерт, цирк шоуы және аниматорлардың қатысуымен түрлі интерактивті іс-шаралар өтеді.

Балалар мерекесі: Алматыда 1 маусым күні қайда баруға болады
Фото: Алматы әкімдігі

Әуезов ауданында сағат 18:00-де Family park-та ашық аспан астындағы мультфильмнің мерекелік көрсетілімі болады. 

Бостандық ауданында мерекелік іс-шаралар (концерттік бағдарлама, балалар жарысы, шеберлік сыныптары) Тұңғыш Президент саябағында сағат 10:00-ден бастап өтеді.

Жетісу ауданында сағат 10:00-де Құлагер шағын ауданында концерттік бағдарлама ұйымдастырылады және аниматорлардың қатысуымен «Jetisu Fest» фестивалі өтеді.

Түрксіб ауданындағы мереке 10:00-де Сейфуллин даңғылы, 13/1 мекенжайдағы №6 Оқушылар үйінің алдында өтеді.

Медеу ауданында сағат 11:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында балаларды концерттік бағдарлама күтеді.

Наурызбай ауданында сағат 18:00-де әкімдік жанындағы амфитеатрда балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы бар «Ашық аспан астындағы кино» кеші өтеді.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Алматыда италиялық сауда үйін ашуды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар