Балалар неліктен жиі қылмыстың құрбаны болады – полиция талдауы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев қандай санаттағы балалар жиі қылмыстың құрбаны болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Талдау көрсеткендей, кәмелетке толмағандар келесі себептерге байланысты қылмыстың құрбаны болады: баланы ата-ана бақылауынсыз қалдыру, баланың сенгіштігі, интернетті бақылаусыз қолдану, моральдық құндылықтар деңгейінің төмендігі, отбасындағы нашар әлеуметтік жағдай. Аталған себептер тек қана күштеу шараларын қолданумен толық шешілмейді. Әлеуметтік қызметтерді тарта отырып, балалардың құқықтарын қорғау және үкіметтік емес ұйымдармен кешенді тәсіл құру қажет», - деп ұсыныс білдірді Қайсар Сұлтанбаев.

Сонымен қоса ол, жыл сайын бала тәрбиесіне немқұрайлы қараған 1 мыңға жуық қазақстандық ата-ана құқығынан айырылатынын мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар