Балалар сөзі - даналар көзі (26-43 томдар)

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын өткізу туралы бастамасына орай, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлерді оқырмандар назарына тартып келе жатқандығы белгілі. Бүгін осы «Балалар сөзі» 100 томдығына қысқаша шолуды ұсынамыз.
None
None

 

26-том. Қытайдағы қазақ фольклоры. Ғашықтық дастандар

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

 

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланатын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.

Серияның жарық көрген жиырма бес томы фольклорымыздың бай, маңызды саласы-дастандық эпосқа арналды. Атап айтқанда осы күнге дейін хикаялық дастандардың он бір томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың жеті томы баспа бетін көріп, оқырман қауым тарапынан жылы қабылданды. Әрине, қазақ халқының эпостық мұрасы жарияланған үлгілермен шектелмейді. Қолжазба қорларында сақталған өзге де халық ауыз әдебиетінің үлгілері жинақталып, баспаға дайындалуда.

Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 26-томы Қытайдағы қазақ фольклорының кезекті жинағы-ғашықтық дастандарға арналды. Бұл томға «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Дандан мен Нәркес», «Ахмет пен Нүрилә» атты ғашықтық дастандар енді. Олардың сюжеті негізінен, жергілікті қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен алынған. Алғашқы екі жыр қазақ ауыз әдебиетінде бұрыннан мәлім, фольклортану тұрғысынан зерттелген, лиро-эпос жанрының көлемді де көркем үлгілерінен саналса, «Дандан мен Нәркес», «Ахмет пен Нүрилә» секілді шығармалар шығыстық сюжеттердің ізімен жырланған және бұрын зерттелмеген.

Томға енгізіліп отырған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» жырларының сюжеттік құрылымында айтарлықтай өзгешеліктері болмағанымен, тілдік, стильдік және көлемдік жақтарынан назар аударатын тұстары бар. Сондықтан Қытайдағы қазақ жыршыларының репертуарынан тұрақты орын алған бұл шығармаларды жеке фольклорлық нұсқа ретінде қарастырған ләзім

Мәтіндерді жинап, баспаға дайындаған Қытай мәдениеті мен өнеріне үлес қосқан ғалым, ҚХР фольклортанушылар қоғамының мүшесі-Оразанбай Егеубаев.

«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес ұсынылып отырған том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

Томның көлемі-23,5 б.т.

 

27-том. Қытайдағы қазақ фольклоры. Тарихи жырлар

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

 

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланатын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.

Серияның жарық көрген жиырма алты томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын дастан жанрына арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он бір томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Қазақ халқының рухани қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Әрине, қазақ дастандарының көркем үлгілерін жариялау әлі де жалғаса бермек.

ҚР БҒМ ОҒК және ӘӨИ Қолжазба қорларында сақталған халық мұрасының көптеген үлгілері ғылыми тұрғыдан сараланып, баспаға әзірлену үстінде.

Көпшілік назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 27-томы Қытайдағы қазақ фольклорының кезекті жинағы-тарихи жырларға арналып отыр. Бұл томға «Арқалық», «Ер Жәнібек», «Тәутік батыр», «Жақыпберді батыр», «Боқы батыр», «Бөке батыр», «Жантөкеш», «Рамазанның қиссасы», «Сарыаяқ», «Есімқан, Ырысқан» атты тарихи жырлар еніп отыр.

Мәтіндерді жинап, баспаға дайындаған-Қытай мемлекетінің мәдениеті мен өнеріне үлес қосқан ғалым, жазушы, ҚХР фольклортанушылар қоғамының мүшесі, профессор Оразанбай Егеубаев.

Бір айта кетерлігі, Қытай қазақтарының жырлауында ел арасына кең тараған тарихи жырлардың көпшілігі жазбаша түрде туғаны аңғарылады. Әрине, алғашында жеке өнерпаздың, яки ақын-жыраудың шабытынан туатын көлемді эпикалық жырлардың кейін орындаушы-жыршылардың бірнеше ұрпағы ауысқан соң бастапқы авторы ұмытылып, жалпы халықтық жәдігерге айналатыны фольклорда қалыпты құбылыс саналады. Сонымен қатар аталған тарихи жыр- дастандардың сюжеттік төркіні-жергілікті халық арасында ертеден айтылып жүрген ауызекі аңыз, әңгімелер екендігі ескерілді. Бұл айтылған себептер оларды тегі жағынан фолькорлық шығармалармен барынша жақындастыра түседі. Бұған қоса, дастан мәтіндерінің өзгермелілігі, ішкі вариациялық тербелісі мен бірнеше көшірме нұсқаларының болуы да томға енгізіліп отырған шығармалардың халықтық белгілерін айшықтай түсері анық.

«Бабалар сөзі» сериясының ұстанымдарына сай ұсынылып отырған том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

Томның көлемі-22 б.т.

 

 

28-том. Қытайдағы қазақ фольклоры. Тарихи жырлар

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

 

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланатын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.

Серияның жарық көрген жиырма жеті томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын дастан жанрына арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он бір томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы және тарихи жырлардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, дастандық эпос үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.

ОҒК және ӘӨИ Қолжазба қорларында сақталған көптеген фольклор мәтіндері ғылыми тұрғыдан сараланып, баспаға әзірлену үстінде.

Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 28-томы Қытайдағы қазақ фольклорының кезекті жинағы-тарихи жырларға арналып отыр. Бұл томға «Қожеке», «Арғынбектің жыры», «Үркін-қорқын», «Кешубай-Жәмила», «Ер Бұлан», «Уаң бала», «Он сегіз», «Қан кешу», «Нүптебектің асы», «Сәтбек», «Шейітсай», «Сақари» атты тарихи жырлар енді. Бұл шығармалардың көпшілігінде Шығыс Түркістан өлкесін мекендейтін аз ұлттардың, әсіресе қазақ халқының жергілікті Гоминдаң үкіметі мен ішкі қытай экспансиясына қарсы бас көтеру әрекеттері жыр арқауы болған. Тарихи жырларда күші басым ата жауымен арыстанша арпалысып, ұлтының азаттығы мен ұрпағының болашағы үшін жанын қиған Ақыт қажы, Оспан батыр, Демежан, Шәріпқан, Есімқан, Ырысқан, Қалман т.б. қазақ азаматтарының ерлікке толы өмірі шындыққа сай, көркем тілмен өріледі.

Бір айта кетерлігі, бұл томға кірген жырлардың біреуін сол өлкенің тумасы, үрімжілік белгілі қазақ ақыны, марқұм Таңжарық Жолдыұлы жырлағаны мәлім («Нүптебектің асы»). Әйткенмен, аталған шығарманың негізгі оқиғасы бұрыннан халық арасында айтылып келгендігі және ақын шығармаларының бұрын Шыңжаңда басылған «Қазақ қиссалары» атты фольклорлық жинақта жарияланғандығы ескеріліп, «Бабалар сөзі» сериясының аясында жарық көріп жатқан Қытайдағы қазақ фольклоры үлгілерінің қатарына шартты түрде қосылып отыр.

Мәтіндерді жинап, баспаға дайындаған Қытай мемлекетінің мәдениеті мен өнеріне үлес қосқан ғалым, ҚХР фольклортанушылар қоғамының мүшесі-Оразанбай Егеубаев.

«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес аталған том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, жырлардың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

Томның көлемі-23,5 б.т.

 

 

29-том. Қытайдағы қазақ фольклоры. Тарихи жырлар

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

 

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланатын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.

Серияның жарық көрген жиырма сегіз томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын дастандар мен тарихи жырларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он бір томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы және тарихи жырлардың екі томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Қазақ халқының рухани қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, халық эпосының үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.

ОҒК және ӘӨИ Қолжазба қорларында сақталған көптеген фольклорлық мәтіндер ғылыми тұрғыдан сараланып, баспаға әзірлену үстінде.

Көпшілік назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 29-томы Қытайдағы қазақ фольклорының кезекті жинағы-тарихи жырларға арналып отыр. Бұл томға «Абылай хан», «Ел қормалы-ер Абылай», «Бөгенбай батыр», «Кенесары», «Қарақас-Кенесары», «Ағыбай батыр», «Есенкелді» атты тарихи жырлар енді. Олардың сюжеті, негізінен, қазақ халқының сырт жауларға қарсы ұлы-азаттық күресіне арналған. Бұл шығармалардың мазмұнында дәстүрлі эпосқа тән әсірелеу аз, нақты оқиғаларға құрылған тарихи шындық көркем тілмен бейнеленген.

Бір айта кетерлігі, бұл томға кірген тарихи жырлардың біразы Қазақстан жерінде туып, жекелеген нұсқалары Шыңжаң қазақтары арасында таралғаны байқалады. Мәселен, аталған эпостар негізгі оқиғасы бұрыннан халық арасында айтылып келген және бұл шығармалар кейіннен Қытайдағы қазақ зиялыларының атсалысуымен «Қазақ қиссалары» сынды фольклорлық жинақтарда жарияланғандығы мәлім. Мәтіндерді жинап, баспаға дайындауға Қытай мемлекетінің мәдениеті мен өнеріне үлес қосқан ғалым, жазушы, ҚХР фольклортанушылар қоғамының мүшесі-профессор Оразанбай Егеубаев қатысты.

«Бабалар сөзі» сериясының ұстанымдарына сәйкес том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Бұларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, жырды жинаушылар мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

Томның көлемі-25 б.т.

  

30-том. Қытайдағы қазақ фольклоры. Хикаялық дастандар

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

 

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланатын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.

Серияның жарық көрген жиырма тоғыз томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын дастандар мен тарихи жырларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он бір томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы және тарихи жырлардың үш томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.

Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 30-томы Қытайдағы қазақтардың фольклорына арналады. Бұл томға «Нұрғазарын», «Сағаттың хикаясы», «Патша мен әйел», «Сырлы қобди», «Тотай сал», «Өлген қыз», «Ұлар мен құзғын», «Нұх және наурыз», «Аққан сынап», «Алтын балта», «Ғалым қыз Буадат», «Жүніс жетім», «Қараторғай», «Кенжекейдің кешірмелері», «Құмаш Қоңыр хикаясы» атты хикаялық дастандар енді. Аталған дастандардың кейбірінің сюжеті шығыстық, яғни үнді, парсы, араб хикаяларынан алынса, кейбірі жергілікті оқиғаларға негізделген. Сюжеттері хикая, қисса түрінде ауыз әдебиетінде ертеден айтылып келген бірқатар фольклорлық шығармалар қазақ ақындарының жаңғыртуымен нәзира үлгісіндегі дастан жанрында жырланған. Аталған шығармалардың кейбіреуі ел аузынан жазылып, біраз өңделіп барып Қытайда баспа бетін көрген. Қазақстанда алғаш жарияланып отыр. Тағы бір ерекшелігі бұл мәтіндерде араб, парсы, қытай тілдерінен енген сөздермен қоса жергілікті тілдік қолданыстар да кездеседі.

Мәтіндерді жинап, баспаға дайындауға Қытай мәдениеті мен өнеріне үлес қосқан ғалым, ҚХР фольклортанушылар қоғамының мүшесі-Оразанбай Егеубаев қатысты.

«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, отызыншы том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

Томның көлемі-24,5 б.т.

 

 

 

 

 

 

31-том.Қытайдағы қазақ фольклоры. Хикаялық дастандар

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

 

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланатын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.

Серияның жарық көрген отыз томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын дастандар мен тарихи жырларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он бір томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы және тарихи жырлардың үш томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.

Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 31-томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналды. Бұл томға «Құламерген», «Арық мерген», «Әбу жылан», «Телім-Тентек», «Екі ағайын », «Мұрат Сәлих пен Мағрипа», «Көкек пен Зейнеп», «Қойшы батыр», «Саналы Сара», «Сәукеле», «Бөкен жарғақ», «Бұлғын-Сусар», «Үш жетім», «Үш жетім қыз», «Кезбе шал», «Хан хүкімі» атты хикаялық дастандар енді. Аталған дастандардың кейбірінің сюжеті шығыстық, яғни үнді, парсы, араб хикаяларынан алынса, кейбірі жергілікті оқиғаларға негізделген. Сюжеттері хикая, қисса түрінде ауыз әдебиетінде ертеден айтылып келген бірқатар фольклорлық шығармалар қазақ ақындарының жаңғыртуымен нәзира үлгісіндегі дастан жанрында жырланған. Аталған шығармалардың кейбіреуі ел аузынан жазылып, біраз өңделіп барып Қытайда баспа бетін көрген.

Қазақстанда алғаш жарияланып отыр. Тағы бір ерекшелігі бұл мәтіндерде араб, парсы, қытай тілдерінен енген сөздермен қоса жергілікті тілдік қолданыстар да кездеседі.

Мәтіндерді жинап, баспаға дайындауға Қытай мәдениеті мен өнеріне үлес қосқан ғалым, ҚХР фольклортанушылар қоғамының мүшесі-Оразанбай Егеубаев қатысты.

«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес отыз бірінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

Томның көлемі-23,5. б.т.

 

 

 

32-том. Қытайдағы қазақ фольклоры. Шежірелік дастандар

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланатын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.

Серияның жарық көрген отыз бір томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын дастандар мен тарихи жырларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он екі томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы және тарихи жырлардың үш томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.

Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 32-томы Қытайдағы қазақтардың фольклорына арналады. Бұл томға «Қазақтың жалпы шежіресі», «Қазақтың түп атасы-батыр Түрік», «Қазақ шежіресі», «Қазақ тарихы туралы жыр», «Жазуға шежірені алдым қалам», «Айтыс шежіресі», «Үш жүздің шежіресі», «Орта жүз найман шежіресі», «Оразай руының Жамбырза шежіресі», «Асылхан Мыңжасар шежіресі», «Керей шежіресі», «Туған жер туралы шежіре», «Шыңғысхан шежіресі» «Абақ керей», «Абақ керейдің атақтылары» атты шығармалар енді.

Аталған дастандардың сюжеті негізінен ел арасына кең тараған қазақ руларының шежіресінен сыр шертеді. Сюжеттері әңгіме, қисса түрінде ауыздан-ауызға, атадан-балаға ертеден айтылып келген көптеген шежірелер қазақ ақындарының жаңғыртуымен дастан жанрында жырланған. Аталған шығармалардың кейбіреуі ел аузынан жазылып, біраз өңделіп барып Қытайда баспа бетін көрген. Қазақстанда алғаш жарияланып отыр. Тағы бір ерекшелігі-бұл мәтіндерде араб, парсы, қытай тілдерінен енген сөздермен қоса жергілікті тілдік қолданыстар да кездеседі.

Мәтіндерді жинап, баспаға дайындауға Қытай мәдениеті мен өнеріне үлес қосқан ғалым, ҚХР фольклортанушылар қоғамының мүшесі-Оразанбай Егеубаев қатысты.

«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес отыз екінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

 

 

33-том. Батырлар жыры

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

 

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарлама аясында жарияланып жатқан «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеп, жарыққа шығаруды одан әрі жалғастырады.

Серияның бұған дейін жарияланған отыз екі томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын дастандар мен тарихи жырларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың соңғы он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.

Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 33-томы батырлар жырына арналды. Бұл томға «Алпамыс батыр» эпосының жеті нұсқасы енді. Сондай-ақ, ғылыми мақсат үшін жырдың Ә.Диваев аударған орыс тіліндегі ертегілік варианты («Великан Алпамыс») және С.Мұқанов (1939 ж.) өңдеп, біріктірген (Қазан, 1899 ж., Ташкент, 1922 ж.) толық нұсқасы да ұсынылды.

«Алпамыс батыр» жырының оннан астам нұсқалары бар. Оларды ғылыми тұрғыдан жүйелеп, екі томға жинақтау жоспарланды. «Алпамыс батыр» жырының бірінші томына 1922 жылы Ташкентте Ә.Диваев бастырған «Алпамыс батырдың хикаясы», қарасөзбен жазылған Е.Ақынбеков пен Ә.Оспанов нұсқалары, сондай-ақ Н.Байғанин, С.Жаңбыршин, А.Нысанов, Рахат сынды халық таланттары жырлаған нұсқалар енді. Соңғы төрт жыр бұрын-соңды жарияланбаған. Ә. Диваев пен Ә. Қоңыратбаев нұсқаларының сюжеттік және мәтіндік жақтарынан өте жақын тұрғандығы ескеріліп, томға бұл екі варианттың алғашқысы ғана ұсынылды.

«Алпамыс батыр» жырының Кеңес кезеңінде баспа бетін көрген варианттарына сол кездің саяси-қоғамдық талаптарына орай мәтіндік өңдеу, редакция жүргізілгені жасырын емес. Жыр мәтіндері М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен Орталық Ғылыми кітапхананың қолжазба қорларында сақтаулы түпнұсқалары бойынша дайындалды. Бұған қоса, ілкі жинақтарда түсіп қалған, яки қолжазбадан қате оқылған жыр жолдары мен жекелеген сөздер түпнұсқа бойынша түзетіліп, мәтіндер бастапқы қалыпқа келтірілді. Бұрын жарияланбаған мәтіндер араб, латын харпіндегі қолжазбалардан қазіргі әліпбиге түсіріліп өзгеріссіз берілді.

Сондай-ақ, көптомдық батырлар жырының бұл алғашқы томына беташар сөз ретінде белгілі әдебиетші, академик Қ.Жұмалиевтің қазақ эпосы туралы ертеректе жазылған зерттеу еңбегінен үзінді берілді. Кеңес кезеңінде жарияланған мақаланы Тәуелсіздік дәуірінің сұранысына сай толықтырып, фольклор тұрғысынан жаңаша ой түйіп, ғылыми пікір білдірген көрнекті ғалым, академик С.Қасқабасов.

«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, отыз үшінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

Томның көлемі-22,75 б.т.

 

 

 

34-том.  Батырлар жыры

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

 

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мем­лекеттік «Мәдени мұра» бағдарлама аясында жарияланатын «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеп, жарыққа шығаруды одан әрі жалғастырады.

Серияның бұған дейін жарияланған отыз үш томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын дастандар мен тарихи жырларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлық жырлардың бір томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың соңғы он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.

Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 34-томы батырлар жырына арналды. Бұл томға «Қисса-и Ал­памыс батыр», «Алпамыс батыр қиссасы», «Қисса Алпамыс», «Алпамыс батыр» атты эпостық нұсқалар енді.

«Алпамыс батыр» жырының оннан астам нұсқалары бар. Оларды ғылыми тұрғыдан жүйелеп, екі томға жинақтау жоспар­ланды. Алғашқы томға енген төрт жыр нұсқасының біреуі (Жыр­шысы-Келімбет Серғазыұлы) бұрын-соңды жарияланбаған. Сондай-ақ «Алпамыс батыр» жырының Кеңес кезеңінде баспа бетін көрген варианттарына сол кездің саяси-қоғамдық талап­тарына орай мәтіндік өңдеу, редакция жүргізілгені жасырын емес.

Бұған қоса, ілкі жинақтарда түсіп қалған, яки қолжазбадан қате оқылған жыр жолдары мен жекелеген сөздер түпнұсқа бойынша түзетіліп, мәтіндер бастапқы қалыпқа келтірілді.

«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, отыз төртінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесе­тін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы де­ректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

Томның көлемі-24. б.т.

 

 

 

35-том.  Батырлар жыры.

 

«Бабалар сөзі» сериясының 35-томына «Қобыланды батыр» жырының Марабай (Ә. Диваев нұсқасы), Көшелек, Құлзақ, Сүйіншәлі сынды ақын-жыршылардың репертуарына енген көлемді бес нұсқасы ұсынылды.

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мем­лекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланып жатқан «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басы­лымын әзірлеп, жарыққа шығаруды одан әрі жалғастырады.

Серияның бұған дейін жарияланған отыз төрт томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып са­налатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, та­рихи жырлардың үш томы, батырлар жырының екі томы сон­дай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фолькло­рына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осы­мен шектелмейді.

Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 35-томы батырлар жырына арналды. Бұл томға «Қобыланды батыр» мен оның ұрпақтарының батырлық, ерлікке толы ғұмырын баяндайтын бес жыр нұсқасы енді.

«Қобыланды» жырының отызға жуық нұсқалары бар. Оларды ғылыми тұрғыдан жүйелеп, төрт томға жинақтау жоспарланды. Алғашқы томға енген Марабай нұсқасынан өзге жыр мәтіндері, яғни Көшелек Еламанұлы, Құлзақ Амангелдіұлы, Сүйіншәлі Жаңбыршыұлы варианттары бұрын-соңды жарияланбаған. Мәселен, бұл томға орынборлық жыршы Сүйіншәліден жазып алынған (1957ж) Қобыланды батыр және оның ұрпақтары туралы екі жыр мәтіні еніп отыр.

Сондай-ақ «Қобыланды» жырының Кеңес кезеңінде баспа бетін көрген варианттарына сол кездің саяси-қоғамдық талап­тарына орай мәтіндік өңдеу, редакция жүргізілгені жасырын емес. Бұған қоса ілкі жинақтарда түсіп қалған, яки қолжазбадан қате оқылған жыр жолдары мен жекелеген сөздер түпнұсқа бой­ынша түзетіліп, мәтіндер бастапқы қалыпқа келтірілді.

«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, отыз бесінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесе­тін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы де­ректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

Томның көлемі-24.5 б.т.

 

36-том. Батырлар жыры

 

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

 

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемле­кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады.

Серияның бұған дейін жарияланған отыз бес томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып са­налатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының үш томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безен­дірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.

Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 36-томы батырлар жырына арналды. Бұл томға «Қобыланды батыр» эпосының үш нұсқасы енді.

«Қобыланды батыр» жырының ел арасында кең тараған отызға жуық нұсқасы бар. Бұл жыр үлгілерін, негізінен, қазақтың батыс өңірінен шыққан көптеген ақын-жыраулар айтқан. Солардың ең атақтысы-Марабай ақын. Эпостық нұсқаларды ғылыми тұрғыдан жүйелеп, төрт томға жинақтау жоспарланды. Алғашқы томға Көшелек Еламанұлы, Құлзақ Амангелдіұлы, Сүйіншәлі Жаңбыршыұлы жырлаған нұсқалар енсе, кезекті екінші томға Біржан Толымбаев, Нұрпейіс Байғанин және Ержан Ешімұлы сынды ақындардың репертуа­рында орындалған жыр нұсқалары ұсынылды.

Сондай-ақ «Қобыланды батыр» жырының Кеңес кезеңінде жарық көрген бірқатар варианттарына сол кездің сая­си-қоғамдық талаптарына орай мәтіндік өңдеу, редакция жүргізілгені жасырын емес. Бұған қоса ілкі жинақтарда түсіп қалған, яки қолжазбадан қате оқылған жыр жолдары мен же­келеген сөздер түпнұсқа бойынша түзетіліп, мәтіндер бастапқы қалыпқа келтірілді.

«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, отыз алтыншы том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесе­тін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы де­ректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

Томның көлемі-30 б.т.

 

 

 

37-том. Батырлар жыры

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

 

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады.

Серияның бұған дейін жарияланған отыз алты томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының төрт томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безен­дірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.

Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 37-томы батырлар жырына арналды. Бұл томға «Қобыланды батыр» эпосының бес нұсқасы енді.

«Қобыланды батыр» жырының ел арасында кең тараған отызға жуық нұсқасы бар. Бұл жыр үлгілерін ХІХ ғасырдағы қазақтың көптеген белгілі ақын-жыраулары айтқан. Солардың қатарында-Марабай, Қашаған, Бітімбай, Мергембай, Біржан, Нұрпейіс т.б. ақын-жырауларды ерекше атауға болады. Эпостық нұсқаларды ғылыми тұрғыдан жүйелеп, төрт томға жинақтау жоспарланды. Алғашқы томға Көшелек Еламанұлы, Құлзақ Амангелдіұлы, Сүйіншәлі Жаңбыршыұлы жырлаған нұсқалар енсе, екінші томға Біржан Толымбаев, Нұрпейіс Байғанин және Ержан Ешімұлы сынды ақындардың репертуарында орындалған жыр нұсқалары ұсынылды. Ал кезекті үшінші томға Айса Байтабынұлы, Сәдуақас Ділманов, Нұрсейіт Битілеуов, Ережеп Тілеумағамбетұлы сынды халық таланттырының репертуарынан әр кезде жазылып алынған таңдаулы жыр мәтіндері енгізіліп отыр.

Бір айта кетерлігі, бұл аталған «Қобыланды батыр» жырының варианттары бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған. Мұның өзі эпостану ғылымына қосылған құнды жаңалықтың бірі десек қателеспейміз. Жыр мәтіндері ӘӨИ Қолжазба қоры мен ОҒК Сирек қорында сақтаулы қолжазбалардан алынып, араб әрпінен қазіргі әліпбиге түсірілді.

«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, отыз жетінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесе­тін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы де­ректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

Томның көлемі-33,75 б.т.

 

38-том. Батырлар жыры

 

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

         М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын

әзірлеуді одан әрі жалғастырады.

         Серияның бұған дейін жарияланған отыз жеті томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы,

тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының төрт томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін

жариялау осымен шектелмейді.

         Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 38-томы батырлар жырына арналды. Бұл томға «Қобыланды батыр» эпосының Мергенбай нұсқасы енді.

         «Қобыланды батыр» жырының ел арасында кең тараған отызға жуық нұсқасы бар. Бұл жыр үлгілерін ХІХ ғасырдағы қазақтың көптеген белгілі ақын-жыраулары айтқан. Солардың қатарында-Марабай, Қашаған, Бітімбай, Мергенбай, Біржан, Нұрпейіс т.б. ақын-жырауларды ерекше атауға болады. Эпостық нұсқаларды ғылыми тұрғыдан жүйелеп, төрт томға жинақтау жоспарланды. Алғашқы томға Көшелек Еламанұлы, Құлзақ Амангелдіұлы, Сүйіншәлі Жаңбыршыұлы жырлаған нұсқалар енсе, екінші томға Біржан Толымбаев, Нұрпейіс Байғанин және Ержан Ешімұлы сынды ақындардың репертуарында орындалған жыр нұсқалары ұсынылды, үшінші томға Айса Байтабынұлы, Сәдуақас Ділманов, Нұрсейіт Битілеуов, Ережеп Тілеумағамбетұлы сынды халық таланттарының репертуарынан әр кезде жазылып алынған таңдаулы жыр мәтіндері енді. Жырдың соңғы томына атақты Мергенбай жыраудың «Қобыланды батыр» және «Қобыланды батырдың баласы Киікбай» және «Қобыландының Темірланды жеңуі» нұсқалары кіріп отыр.

         Мергенбай жырлаған «Қобыланды батыр»-қазақ эпостану ғылымындағы ең көбірек зерттелген нұсқалардың бірі. 1957 жылы осы жыр мәтіні М.О.Әуезов пен Н.С.Смирнованың басқаруымен «Қазақ эпосы» сериясы бойынша төртінші кітап болып жарық көрді (баспаға әзірлегендер: М.С.Сильченко, О.Ә.Нұрмағамбетова). Бұдан соң аталған нұсқа 1958, 1963 жылдары Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Б.Уахатов, М.Ғұмарова, С.Лыпкин сияқты ғалымдардың әзірлеуімен қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты. Сондай-ақ 1975 жылы Мәскеуде КСРО Ғылым академиясы А.М.Горький атындағы Дүние жүзі әдебиеті институтының жанынан шығатын «КСРО халықтарының эпосы» атты серия бойынша ғылыми басылым ретінде жеке кітап болып шықты. Белгілі фольклортанушы О.Ә.Нұрмағамбетова мен Н.В.Кидайш-Покровская жырды толықтай орыс тіліне аударып, екі тілдегі мәтін және эпос туралы көлемді зерттеу мақала жазған болатын.

         «Қобыланды» жырының Кеңес кезеңінде баспа бетін көрген варианттарына сол кездің саяси-қоғамдық талаптарына орай мәтіндік өңдеу, редакция жүргізілгені жасырын емес. Бұған қоса ілкі жинақтарда түсіп қалған, яки қолжазбадан қате оқылған жыр жолдары мен жекелеген сөздер түпнұсқа бойынша түзетіліп, мәтіндер бастапқы қалыпқа келтірілді.

         «Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, отыз сегізінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер,

эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

         Томның көлемі-25 б.т.

 

 

 

39-том. Батырлар жыры

 

  

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

 

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемле­кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады.

Серияның бұған дейін жарияланған отыз сегіз томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының алты томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безен�­дірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.

Оқырман назарына ұсынылып отырған аталған серияның кезекті 39-томы «Едіге батыр» жырына арналды. Бұл томға Қазақ арасына ертеден даңқы жайылған Едіге батыр жайындағы эпостың сегіз нұсқасы енді.

Олар: 1. 1905 жылы Санкт-Петербургтен шыққан Шоқан Уәлихановтың «Едіге жыры» нұсқасы: 2. Ә.Диваевтің «Еді­ге батыр» (Ташкент, 1922) нұсқасы. 3. Мәшһүр Жүсіп Көпеев жинаған «Ер Едіге» (Алматы, 1992) аңызы; 4. Мұрын жы­рау варианты («Едіге»); 5. «Мәулімнияз-Едіге» (Нұртуған нұсқасы); 6. Қоңырат қаласының тұрғыны (Қарақалпақстан) Қылышбайұлы Қартбайдың орындауында жазылып алынған «Едіге батыр эпосы»; 7. Халық ақыны Қалқа Жапарбаев жырлаған «Едіге-Нұран» нұсқасы; 8. Аякеш Өмірзақовтың айтуынан хатқа түскен «Едіге батыр әңгімесі». Соңғы екі мәтін бұрын еш жерде жарияланбаған және зерттелмеген.

«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, отыз тоғызыншы том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесе­тін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы де­ректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

Томның көлемі-28 б.т.

 

 

40-том. Батырлар жыры

 

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

 

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемле�­кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады.

Серияның бұған дейін жарияланған отыз тоғыз томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының жеті томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безен�­дірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.

Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 39-томы эпостық шығармаларға арналды. Бұл томға «Орақ-Мамай» жырының төрт нұсқасы еніп отыр.

Олар: 1. 1903 жылы Қазан қаласында жарық көрген белгісіз жыршының нұсқасы; 2. Көрнекті қазақ ақыны Нұртуған Кенжеғұлұлы жырлаған көркем әрі көлемді нұсқа; 3. Қоңырат қаласының тұрғыны (Қарақалпақстан) Атаубай Мәмбетұлының айтуынан жазылып алынған вариант; 4. Орынбасар Оңғарбайұлының репертуарынан жазылған «Орақ-Мамай» эпосының нұсқасы.

Соңғы екеуі Қазақстанның батыс өңіріне тән жыршылық мектеп өкілдері екені мәлім. Жалпы, ноғайлы дәуірінде туған тарихи сюжеттерді жырлауда батыс өңірдегі ақын-жыраулардың орны ерекше. Себебі, «Қырымның қырық батыры» тәрізді ұзақ, желілі жырлармен қатар, жеке қаһармандық эпос үлгілерін жырлап, халық арасына тарату, насихаттау, оларды кейінгі ұрпаққа жеткізу бағытындағы зор әрі игілікті еңбекті жалықпай атқарған осы-Жайық, Сыр және Әмудария құйылысын мекендеген жыршы-жыраулар қауымы екендігі мәлім.

Басқа ноғайлы дәуірінің эпостық мұралары сияқты, «Орақ-Мамай» жыры да ұзақ уақыт бойы жариялауға тыйым салынып келгендіктен, кейінгі жылдары ғана зерттеліп жарық көре бастады. Томға енген мәтіндердің арасында тек Нұртуған вариантының бір бөлігі мен қоңыраттық Атаубай Мәмбетұлының нұсқасы ғана жарық көрген.

«Орақ-Мамай» эпосының бұрын баспа бетін көрген варианттарына сол кездің саяси-қоғамдық талаптарына орай, мәтіндік өңдеу, редакция жүргізілгені жасырын емес. Бұған қоса ілкі жинақтарда түсіп қалған, яки қолжазбадан қате оқылған жыр жолдары мен жекелеген сөздер түпнұсқа бойын­ша түзетіліп, мәтіндер бастапқы қалыпқа келтірілді.

«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, отыз тоғызыншы том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

Томның көлемі-30,5 б.т.

 

 

 

41-том. Батырлар жыры

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

 

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемле­кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады.

Серияның бұған дейін жарияланған қырық томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып са­налатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының сегіз томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безен­дірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.

Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 41-томы батырлар жырына арналды. Бұл томға «Қарасай, Қази» жырының мынадай алты нұсқасы топтастырылды: Мұрат, Қашаған, Нұрпейіс ақындар және Шоқаев Құдайберген мен Мүстежеп Ахметов жырлаған нұсқалар, Ш.Кәрібаев әзірлеген, «Әдебиеттік оқу кітабының» (1944 ж.) құрамына кір­ген, жырлаушысының кім екені көрсетілмеген нұсқа.

«Қарасай, Қази» жырының бізге отыздан астам нұсқасы сақталып, жеткен. Бұл жыр ежелден келе жатқан ғажайып эпикалық мұра-«Қырымның қырық батыры» атты жыр­лар циклының құрамына енген қаһармандық эпос үлгілерінің бірі. Жырдың нұсқаларын халық арасына таратушылардың қатарында Мұрат Мөңкеұлы, Қашаған Күржіманұлы, Нұрпейіс Байғанин, Нұртуған Кенжеғұлұлы сияқты ақиық ақындар, А.Байтабынов, Қ.Иманғалиев, Жақсылық, Наурыз­бек, Төренияз және одан да өзге жыршылар мен жыраулар бар. Нұсқаларының көптігін және ол нұсқалардың арасында азды- көпті айырмашылықтар орын алатынын ескере отырып, «Баба­лар сөзі» жүзтомдығының қырық бірінші, қырық екінші том­дарына «Қарасай, Қази» жыры нұсқаларының үлгілерін енгізу жоспарланып отыр.

Көркемдік, танымдық-тағлымдық жағынан зор мән-маңызы болуына орай, кезінде үлкен сұранысқа ие болғаны Мұрат ақын жырлаған нұсқасының 1924, 1943 жылдары баспа бе­тін көруінен, Нұрпейіс жырлаған нұсқасының ақынның 1946 жылы баспа бетін көрген «Таңдамалы шығармалар» атты кі­табына енуінен, енді бір нұсқасы 1944 жылы жарық көрген, 5- сыныпқа арналған «Әдебиеттік оқу кітабының» құрамына енген сөз өнері үлгілерінің қатарынан орын алуынан, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан және тағы басқа көрнекті ғалымдардың іргелі зерттеулерінің нысанына айналуынан аңғарылатын «Қарасай, Қази» жырының жариялануына, зерттелуіне ұзақ уақыт бойы тыйым салынып келді. Бұған ВКП(б) Орталық Комитетінің 1944 жылғы 9 тамызда қабылданған Татар партиялық ұйымындағы бұқаралық-саяси және идеологиялық жұмыстарды жақсарту жөніндегі шаралар туралы қаулысы мен Қазақстан Компарти­ясы Орталық Комитетінің 1947 жылы қабылданған Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл, әдебиет институтының жұмысы туралы қаулысы себепші болғаны белгілі.

Солақай саясаттың осындай зардабын жою оған мүмкіндік туған кезеңнің өзінде де баяу жүзеге асырылып келгені «Қарасай, Қази» жырының жариялылық заманы орнағаннан кей­ін жарық көруі 1988 жылы Қ.Иманғалиевтің орындауындағы күйтабақтың шығарылуымен, Мұрат ақын жырлаған нұсқаның Х.Досмұхамедов еңбектерінің жинағында және «Алқаласа, әлеумет» (1991) жинағында қайта басылуымен, Қашаған Күржіманұлы нұсқасының ақын шығармаларының «Топан» атты жинағына енуімен, Сейіт жырау нұсқасының Қытай Халық Республикасында шығып тұратын «Мұра» журналының 1990 жылғы 2-санында жариялануымен және Мұрын жырау­дан жазылып алынған «Қырымның қырық батыры» жырлар циклының 1989 жылғы, 2005 жылғы басылымдарында да бұл жырдың бір нұсқасы болуымен ғана шектелетінінен айқын аңғарылады.

Демек, нұсқаларының басым көпшілігі осы кезге дейін жа­рияланбай, оқырман қауымының назарынан тысқары қалып келген «Қарасай, Қази» және «Әділ сұлтан» жырларының алдағы уақытта оқырманмен қауышқалы отырған екі томдық жинағы мәдени мұраны танып-білу, игеру, халық игілігіне асы­ру бағытында жасалған елеулі қадам екені анық.

«Бабалар сөзі» сериясының кезекті қырық бірінші томы көптомдықтың негізгі ұстанымдарына сәйкес, ғылыми қосымшалармен толықтырылды.

Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесе­тін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы де­ректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

Томның көлемі-28 б.т.

 

 

 

42-том. Батырлар жыры

 

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

 

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемле­кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады.

Серияның бұған дейін жарияланған қырық бір томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының тоғыз томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безен­дірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.

Оқырман назарына ұсынылып отырған аталған серияның 42-томы батырлар жырына арналды. Бұл томға «Қарасай-Қази» эпосының төрт нұсқасы енді.

«Қарасай-Қази» жырының ел арасында кең тараған отызға жуық нұсқасы бар. Бұл жыр үлгілерін ХІХ ғасырдағы қазақтың көптеген белгілі ақын-жыраулары айтқан. Солардың қатарында: Мұрын, Қашаған, Айса, Қобылаш, Нұртуған, Мұрат, Жақсылық, Құдайберген т.б. ақын-жырауларды ерекше атауға бола­ды.

Эпостық нұсқаларды ғылыми тұрғыдан жүйелеп, екі томға жинақтау жоспарланды. Алғашқы томға Мұрат, Қашаған, Нұрпейіс, Құдайберген, Төренияз, Мүстежеп жырлаған нұсқалар енсе, екінші томға Айса, Жақсылық, Сейіт және Маңғыстау өңірінен жазып алынған белгісіз жыршының нұсқалары ұсынылды.

Жалпы «Қарасай-Қази» эпосы қазақ арасында «Қобыланды батырдан» кейінгі ең көп нұсқалы, халық сүйіп тыңдаған арна­лы жырлардың бірі.

Аталған жыр нұсқаларын ел арасынан жинап, жазып алып, бүгінгі ұрпаққа жеткізуші-Мұрат Құсниұлы, Ғұмар Қараш, Ығылман Шөреков, Халел Досмұхамедұлы, Асайын Хангел­дин, Т. Күнтуғанов, Қартбай Қылышұлы, Иманбай Ұйықбаев, Төкен Кенжалин, Қ. Сыдиықов, Ш.Үсенбаев сынды халық мұрасы жанашырларының еңбегі өте зор.

«Қарасай-Қази» эпосының сюжеттік желісіне ХVI ғасырда Ноғай ордасы мен Қырым хандығының тұсында өткен тарихи оқиғалар арқау болған. Әйтсе де, жыршылар аласапыран кезеңнің оқиғаларын сол күйінше бейнелеуден гөрі, эпосты көркемдік тұрғыдан дамытып, өз қиялдарының елегінен өткізе отырып жырлағанын көреміз. Халықтық шығармадағы көптеген тарихи оқиғалар жинақталып, жырдың бас кейіпкерлері-Қарасай мен Қазидың маңайына топтастырылған. Эпикалық қуаты мол жыр­да Қарасай, Қази мен Әділ сұлтанның Астрахан түбіндегі Қиғаш тауында, сондай-ақ Кавказдағы Дербент қаласы төңірегінде қалмақ, қызылбас елдерінің әскерімен болған ұрыс қимылдары және Әділ сұлтанның жау қолына тұтқынға түсуіне қатысты шытырман оқиғалар да кең қамтылады.

Бір айта кетерлігі, бұл аталған «Қарасай-Қази» жырының варианттары бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған. Мұның өзі эпостану ғылымына қосылған құнды жаңалықтың бірі де­сек қателеспейміз. Жыр мәтіндері ӘӨИ Қолжазба қоры мен ОҒК Сирек қорында сақтаулы қолжазбалардан алынып, араб әрпінен қазіргі әліпбиге түсірілді.

«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, қырық екінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесе­тін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы де­ректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

Томның көлемі-27,25 б.т.

 

 

 

 

 

43-том. Батырлар жыры

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

 

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мем­лекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланып жатқан «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басы­лымын әзірлеп, жарыққа шығаруды одан әрі жалғастыруда.

Серияның бұған дейін жарияланған томдарында ұлттық фольклорымыздың аса көркем де көлемді саласы болып сана­латын хикаялық дастандардың тоғыз томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың алты томы, батырлық жырлардың он томы және Қытайдағы қазақ фольклорына арналған он томы жарық көрді.

Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның қырық үшінші томы батырлық эпосқа арналды. Бұл томға «Қамбар батыр» жырының он бір нұсқасы енді.

Қазақ халқының эпикалық мұрасынан елеулі орын ала­тын, ел ішінде кең тараған батырлық жырлардың бірі «Қамбар батыр» жыры алғаш ХІХ ғасырдың ортасында қағазға түсіп, жариялана бастады. 1888 жылы жырдың бір нұсқасын У.Тух­фатуллин деген татар азаматы Зайсан өңірінен жазып алып, «Қисса Қамбар» деген атпен Қазан қаласындағы Универси­тет баспаханасынан жариялаған. Жыр мәтіні 1903 жылы Қазанда ағайынды Кәримовтер баспаханасынан «Тоқсан үйлі тобыр» деген атпен тағы да жарық көрді (баспаға дайындаушы көрсетілмеген). Белгілі шығыстанушы И.Н.Березин 1890 жылы Санкт-Петербор қаласында басылған «Түрік хрестоматиясы» атты жинағында (3-том, 2-бөлім) «Қамбар баһадүрдің жыры» атты жыр нұсқасын жариялады. Қазақ фольклорын насихаттаушы, этнограф ғалым Ә.Диваев 1922 жылы Тәшкенде қазақтың батырлық жырларымен қатар, «Қамбар батыр» жырын баспаға дайындады. Қазан басылымдары негізінде жаңа жазбалары (редакциялары) туды. Сондай-ақ жырдың Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Шымкент, Павлодар, Омбы өңірлерінен жиналған нұсқалары бар.

«Қамбар батыр» жырының жиырмадан астам нұсқалары ғылыми тұрғыдан жүйеленіп, жырдың негізгі алты варианты: 1888, 1890, 1922 жылғы басылымдары, Қалқай, Бармақ, Шапай нұсқаларымен қоса, басылымдардағы мәтіндік өзгерістерді салыстыра көрсету үшін 1903 жылғы «Тоқсан үйлі тобыр», сюжетінде айтарлықтай өзгешелігі бар Маясар Жапақов пен Шоқатаев нұсқалары мен эпостың қара сөзбен баяндалған ертегілік екі нұсқасы, барлығы-он бір нұсқа бір томға жинақталды. Ә.Диваевтың 1922 жылы Ташкентте басылған «Қамбар батыр» нұсқасы кеңестік кезеңде бірнеше мәрте жарық көрсе, 1903 жылы Қазанда басылған «Тоқсан үйлі тобыр», Бармақ нұсқасы, Березин ертегісі жырдың 1959 жылғы ғылыми басылымында жарияланған, ал қалған жеті нұсқа тұңғыш рет ұсынылды.

1953 жылғы Қазақ КСР ҒА-ның Президиумы ұйымдастырған эпос жөніндегі дискуссия қорытындысынан кейін халық ауыз әдебиетінде батырлық жырлардан сынға ілікпеген «Қамбар» мен «Ер Тарғын» ғана қалдырылды. Фольклорлық шығарма жазба әдебиетке қойылатын талап тұрғысынан зерттелді, шығарманың идеясы мен тақырыбына баса мән беріліп, кейіпкерлер тек таптық-әлеуметтік тұрғыда қаралды.

Жырдың алғашқы ғылыми басылымы М.Әуезов пен Н.С.Смирнованың редакциялық басқаруымен 1959 жылы жарық көрген болатын (баспаға дайындаған: М.Ғұмарова, Н.Смирнова). Өз кезеңінің талаптарына толық жауап бергенімен, бұл басылымның бүгінгі күн талабы тұрғысынан толықтырар тұстары жеткілікті еді. Құрастырушылар 1888 жылғы нұсқаны алмай, 1903 жылғы Қазан басылымын жариялаған. 1888 жылғы Қазан басылымындағы «кәпір», «орыс» этнонимдері кейінгіде «қалмақ» болып өзгертілген. Кеңестік дәуірде жырдың алғашқы нұсқасы «діни сөздер көбірек қолданылған» деп бағаланды.

Жырдың түрлі нұсқаларын халық ақындарынан, жыршы­лардан жазып алу жұмысы жүйелі жүргізілді. 1941 жылы Қазақстан Жазушылар Одағы Шашубай Қошқарбайұлын Балқаштан арнайы шақырып алып, ақын өлеңдерін жазу жұмысын ұйымдастырды. «Қамбар» жырының Шашубай жырлаған нұсқасын С.Сейітов пен Ә.Тәжібаев сынды әдебиетшілер жазып алып, 1942 жылы ақынның «Сөйле, Ша­шеке» жинағында жариялаған. 1958 жылы ақпан айында Тіл және әдебиет институтының халық творчествосы бөлімінің бастығы академик М.О.Әуезовтің қолдауымен Қызылорда облысындағы белгілі жырау Рахмет Мәзқожаевты институтқа шақыртып алдырып, репертуарын тыңдап, білетін жырларын жазып алады. О.Нұрмағамбетова мен М.Ғұмарова «Қамбар», «Көрұғлы» т.б. жырларды магнитофон таспасына түсіреді. Сон­дай-ақ елдегі Құлзақ Амангелдин мен Келімбет Серғазиев сын­ды жыршылардан эпостың Диваев нұсқасы жазылып алынды.

Томға енген жыр мәтіндері М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен Орталық Ғылыми кітапхананың қолжазба қорларында сақтаулы түпнұсқалардан дайындалды. Батырлық жырларға арналған жинақтарда түсіп қалған немесе қолжазбадан қате оқылған жыр жолдары мен жекелеген сөздер түпнұсқа бойынша түзетіліп, мәтіндер бастапқы қалыпқа келтірілді. Бұрын жарияланбаған мәтіндер қолжазбалардан еш өзгертусіз берілді.

«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, қырық үшінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесе­тін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы де­ректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.

Томның көлемі-26,0 б.т.

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар