Балалар сөзі - даналар көзі (жалғасы)

26-том. Қытайдағы қазақ фольклоры. Ғашықтық дастандар
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланатын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Серияның жарық көрген жиырма бес томы фольклорымыздың бай, маңызды саласы-дастандық эпосқа арналды. Атап айтқанда осы күнге дейін хикаялық дастандардың он бір томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың жеті томы баспа бетін көріп, оқырман қауым тарапынан жылы қабылданды. Әрине, қазақ халқының эпостық мұрасы жарияланған үлгілермен шектелмейді. Қолжазба қорларында сақталған өзге де халық ауыз әдебиетінің үлгілері жинақталып, баспаға дайындалуда.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 26-томы Қытайдағы қазақ фольклорының кезекті жинағы-ғашықтық дастандарға арналды. Бұл томға «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Дандан мен Нәркес», «Ахмет пен Нүрилә» атты ғашықтық дастандар енді. Олардың сюжеті негізінен, жергілікті қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен алынған. Алғашқы екі жыр қазақ ауыз әдебиетінде бұрыннан мәлім, фольклортану тұрғысынан зерттелген, лиро-эпос жанрының көлемді де көркем үлгілерінен саналса, «Дандан мен Нәркес», «Ахмет пен Нүрилә» секілді шығармалар шығыстық сюжеттердің ізімен жырланған және бұрын зерттелмеген.
Томға енгізіліп отырған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» жырларының сюжеттік құрылымында айтарлықтай өзгешеліктері болмағанымен, тілдік, стильдік және көлемдік жақтарынан назар аударатын тұстары бар. Сондықтан Қытайдағы қазақ жыршыларының репертуарынан тұрақты орын алған бұл шығармаларды жеке фольклорлық нұсқа ретінде қарастырған ләзім
Мәтіндерді жинап, баспаға дайындаған Қытай мәдениеті мен өнеріне үлес қосқан ғалым, ҚХР фольклортанушылар қоғамының мүшесі-Оразанбай Егеубаев.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес ұсынылып отырған том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-23,5 б.т.
27-том. Қытайдағы қазақ фольклоры. Тарихи жырлар
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланатын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Серияның жарық көрген жиырма алты томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын дастан жанрына арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он бір томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Қазақ халқының рухани қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Әрине, қазақ дастандарының көркем үлгілерін жариялау әлі де жалғаса бермек.
ҚР БҒМ ОҒК және ӘӨИ Қолжазба қорларында сақталған халық мұрасының көптеген үлгілері ғылыми тұрғыдан сараланып, баспаға әзірлену үстінде.
Көпшілік назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 27-томы Қытайдағы қазақ фольклорының кезекті жинағы-тарихи жырларға арналып отыр. Бұл томға «Арқалық», «Ер Жәнібек», «Тәутік батыр», «Жақыпберді батыр», «Боқы батыр», «Бөке батыр», «Жантөкеш», «Рамазанның қиссасы», «Сарыаяқ», «Есімқан, Ырысқан» атты тарихи жырлар еніп отыр.
Мәтіндерді жинап, баспаға дайындаған-Қытай мемлекетінің мәдениеті мен өнеріне үлес қосқан ғалым, жазушы, ҚХР фольклортанушылар қоғамының мүшесі, профессор Оразанбай Егеубаев.
Бір айта кетерлігі, Қытай қазақтарының жырлауында ел арасына кең тараған тарихи жырлардың көпшілігі жазбаша түрде туғаны аңғарылады. Әрине, алғашында жеке өнерпаздың, яки ақын-жыраудың шабытынан туатын көлемді эпикалық жырлардың кейін орындаушы-жыршылардың бірнеше ұрпағы ауысқан соң бастапқы авторы ұмытылып, жалпы халықтық жәдігерге айналатыны фольклорда қалыпты құбылыс саналады. Сонымен қатар аталған тарихи жыр- дастандардың сюжеттік төркіні-жергілікті халық арасында ертеден айтылып жүрген ауызекі аңыз, әңгімелер екендігі ескерілді. Бұл айтылған себептер оларды тегі жағынан фолькорлық шығармалармен барынша жақындастыра түседі. Бұған қоса, дастан мәтіндерінің өзгермелілігі, ішкі вариациялық тербелісі мен бірнеше көшірме нұсқаларының болуы да томға енгізіліп отырған шығармалардың халықтық белгілерін айшықтай түсері анық.
«Бабалар сөзі» сериясының ұстанымдарына сай ұсынылып отырған том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-22 б.т.
28-том. Қытайдағы қазақ фольклоры. Тарихи жырлар
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланатын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Серияның жарық көрген жиырма жеті томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын дастан жанрына арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он бір томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы және тарихи жырлардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, дастандық эпос үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
ОҒК және ӘӨИ Қолжазба қорларында сақталған көптеген фольклор мәтіндері ғылыми тұрғыдан сараланып, баспаға әзірлену үстінде.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 28-томы Қытайдағы қазақ фольклорының кезекті жинағы-тарихи жырларға арналып отыр. Бұл томға «Қожеке», «Арғынбектің жыры», «Үркін-қорқын», «Кешубай-Жәмила», «Ер Бұлан», «Уаң бала», «Он сегіз», «Қан кешу», «Нүптебектің асы», «Сәтбек», «Шейітсай», «Сақари» атты тарихи жырлар енді. Бұл шығармалардың көпшілігінде Шығыс Түркістан өлкесін мекендейтін аз ұлттардың, әсіресе қазақ халқының жергілікті Гоминдаң үкіметі мен ішкі қытай экспансиясына қарсы бас көтеру әрекеттері жыр арқауы болған. Тарихи жырларда күші басым ата жауымен арыстанша арпалысып, ұлтының азаттығы мен ұрпағының болашағы үшін жанын қиған Ақыт қажы, Оспан батыр, Демежан, Шәріпқан, Есімқан, Ырысқан, Қалман т.б. қазақ азаматтарының ерлікке толы өмірі шындыққа сай, көркем тілмен өріледі.
Бір айта кетерлігі, бұл томға кірген жырлардың біреуін сол өлкенің тумасы, үрімжілік белгілі қазақ ақыны, марқұм Таңжарық Жолдыұлы жырлағаны мәлім («Нүптебектің асы»). Әйткенмен, аталған шығарманың негізгі оқиғасы бұрыннан халық арасында айтылып келгендігі және ақын шығармаларының бұрын Шыңжаңда басылған «Қазақ қиссалары» атты фольклорлық жинақта жарияланғандығы ескеріліп, «Бабалар сөзі» сериясының аясында жарық көріп жатқан Қытайдағы қазақ фольклоры үлгілерінің қатарына шартты түрде қосылып отыр.
Мәтіндерді жинап, баспаға дайындаған Қытай мемлекетінің мәдениеті мен өнеріне үлес қосқан ғалым, ҚХР фольклортанушылар қоғамының мүшесі-Оразанбай Егеубаев.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес аталған том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, жырлардың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-23,5 б.т.
29-том. Қытайдағы қазақ фольклоры. Тарихи жырлар
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланатын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Серияның жарық көрген жиырма сегіз томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын дастандар мен тарихи жырларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он бір томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы және тарихи жырлардың екі томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Қазақ халқының рухани қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, халық эпосының үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
ОҒК және ӘӨИ Қолжазба қорларында сақталған көптеген фольклорлық мәтіндер ғылыми тұрғыдан сараланып, баспаға әзірлену үстінде.
Көпшілік назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 29-томы Қытайдағы қазақ фольклорының кезекті жинағы-тарихи жырларға арналып отыр. Бұл томға «Абылай хан», «Ел қормалы-ер Абылай», «Бөгенбай батыр», «Кенесары», «Қарақас-Кенесары», «Ағыбай батыр», «Есенкелді» атты тарихи жырлар енді. Олардың сюжеті, негізінен, қазақ халқының сырт жауларға қарсы ұлы-азаттық күресіне арналған. Бұл шығармалардың мазмұнында дәстүрлі эпосқа тән әсірелеу аз, нақты оқиғаларға құрылған тарихи шындық көркем тілмен бейнеленген.
Бір айта кетерлігі, бұл томға кірген тарихи жырлардың біразы Қазақстан жерінде туып, жекелеген нұсқалары Шыңжаң қазақтары арасында таралғаны байқалады. Мәселен, аталған эпостар негізгі оқиғасы бұрыннан халық арасында айтылып келген және бұл шығармалар кейіннен Қытайдағы қазақ зиялыларының атсалысуымен «Қазақ қиссалары» сынды фольклорлық жинақтарда жарияланғандығы мәлім. Мәтіндерді жинап, баспаға дайындауға Қытай мемлекетінің мәдениеті мен өнеріне үлес қосқан ғалым, жазушы, ҚХР фольклортанушылар қоғамының мүшесі-профессор Оразанбай Егеубаев қатысты.
«Бабалар сөзі» сериясының ұстанымдарына сәйкес том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Бұларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, жырды жинаушылар мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-25 б.т.
30-том. Қытайдағы қазақ фольклоры. Хикаялық дастандар
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланатын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Серияның жарық көрген жиырма тоғыз томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын дастандар мен тарихи жырларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он бір томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы және тарихи жырлардың үш томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 30-томы Қытайдағы қазақтардың фольклорына арналады. Бұл томға «Нұрғазарын», «Сағаттың хикаясы», «Патша мен әйел», «Сырлы қобди», «Тотай сал», «Өлген қыз», «Ұлар мен құзғын», «Нұх және наурыз», «Аққан сынап», «Алтын балта», «Ғалым қыз Буадат», «Жүніс жетім», «Қараторғай», «Кенжекейдің кешірмелері», «Құмаш Қоңыр хикаясы» атты хикаялық дастандар енді. Аталған дастандардың кейбірінің сюжеті шығыстық, яғни үнді, парсы, араб хикаяларынан алынса, кейбірі жергілікті оқиғаларға негізделген. Сюжеттері хикая, қисса түрінде ауыз әдебиетінде ертеден айтылып келген бірқатар фольклорлық шығармалар қазақ ақындарының жаңғыртуымен нәзира үлгісіндегі дастан жанрында жырланған. Аталған шығармалардың кейбіреуі ел аузынан жазылып, біраз өңделіп барып Қытайда баспа бетін көрген. Қазақстанда алғаш жарияланып отыр. Тағы бір ерекшелігі бұл мәтіндерде араб, парсы, қытай тілдерінен енген сөздермен қоса жергілікті тілдік қолданыстар да кездеседі.
Мәтіндерді жинап, баспаға дайындауға Қытай мәдениеті мен өнеріне үлес қосқан ғалым, ҚХР фольклортанушылар қоғамының мүшесі-Оразанбай Егеубаев қатысты.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, отызыншы том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-24,5 б.т.
31-том.Қытайдағы қазақ фольклоры. Хикаялық дастандар
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланатын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Серияның жарық көрген отыз томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын дастандар мен тарихи жырларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он бір томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы және тарихи жырлардың үш томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 31-томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналды. Бұл томға «Құламерген», «Арық мерген», «Әбу жылан», «Телім-Тентек», «Екі ағайын », «Мұрат Сәлих пен Мағрипа», «Көкек пен Зейнеп», «Қойшы батыр», «Саналы Сара», «Сәукеле», «Бөкен жарғақ», «Бұлғын-Сусар», «Үш жетім», «Үш жетім қыз», «Кезбе шал», «Хан хүкімі» атты хикаялық дастандар енді. Аталған дастандардың кейбірінің сюжеті шығыстық, яғни үнді, парсы, араб хикаяларынан алынса, кейбірі жергілікті оқиғаларға негізделген. Сюжеттері хикая, қисса түрінде ауыз әдебиетінде ертеден айтылып келген бірқатар фольклорлық шығармалар қазақ ақындарының жаңғыртуымен нәзира үлгісіндегі дастан жанрында жырланған. Аталған шығармалардың кейбіреуі ел аузынан жазылып, біраз өңделіп барып Қытайда баспа бетін көрген.
Қазақстанда алғаш жарияланып отыр. Тағы бір ерекшелігі бұл мәтіндерде араб, парсы, қытай тілдерінен енген сөздермен қоса жергілікті тілдік қолданыстар да кездеседі.
Мәтіндерді жинап, баспаға дайындауға Қытай мәдениеті мен өнеріне үлес қосқан ғалым, ҚХР фольклортанушылар қоғамының мүшесі-Оразанбай Егеубаев қатысты.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес отыз бірінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-23,5. б.т.
32-том. Қытайдағы қазақ фольклоры. Шежірелік дастандар
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланатын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Серияның жарық көрген отыз бір томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын дастандар мен тарихи жырларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он екі томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы және тарихи жырлардың үш томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 32-томы Қытайдағы қазақтардың фольклорына арналады. Бұл томға «Қазақтың жалпы шежіресі», «Қазақтың түп атасы-батыр Түрік», «Қазақ шежіресі», «Қазақ тарихы туралы жыр», «Жазуға шежірені алдым қалам», «Айтыс шежіресі», «Үш жүздің шежіресі», «Орта жүз найман шежіресі», «Оразай руының Жамбырза шежіресі», «Асылхан Мыңжасар шежіресі», «Керей шежіресі», «Туған жер туралы шежіре», «Шыңғысхан шежіресі» «Абақ керей», «Абақ керейдің атақтылары» атты шығармалар енді.
Аталған дастандардың сюжеті негізінен ел арасына кең тараған қазақ руларының шежіресінен сыр шертеді. Сюжеттері әңгіме, қисса түрінде ауыздан-ауызға, атадан-балаға ертеден айтылып келген көптеген шежірелер қазақ ақындарының жаңғыртуымен дастан жанрында жырланған. Аталған шығармалардың кейбіреуі ел аузынан жазылып, біраз өңделіп барып Қытайда баспа бетін көрген. Қазақстанда алғаш жарияланып отыр. Тағы бір ерекшелігі-бұл мәтіндерде араб, парсы, қытай тілдерінен енген сөздермен қоса жергілікті тілдік қолданыстар да кездеседі.
Мәтіндерді жинап, баспаға дайындауға Қытай мәдениеті мен өнеріне үлес қосқан ғалым, ҚХР фольклортанушылар қоғамының мүшесі-Оразанбай Егеубаев қатысты.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес отыз екінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
33-том. Батырлар жыры
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарлама аясында жарияланып жатқан «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеп, жарыққа шығаруды одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін жарияланған отыз екі томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын дастандар мен тарихи жырларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың соңғы он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 33-томы батырлар жырына арналды. Бұл томға «Алпамыс батыр» эпосының жеті нұсқасы енді. Сондай-ақ, ғылыми мақсат үшін жырдың Ә.Диваев аударған орыс тіліндегі ертегілік варианты («Великан Алпамыс») және С.Мұқанов (1939 ж.) өңдеп, біріктірген (Қазан, 1899 ж., Ташкент, 1922 ж.) толық нұсқасы да ұсынылды.
«Алпамыс батыр» жырының оннан астам нұсқалары бар. Оларды ғылыми тұрғыдан жүйелеп, екі томға жинақтау жоспарланды. «Алпамыс батыр» жырының бірінші томына 1922 жылы Ташкентте Ә.Диваев бастырған «Алпамыс батырдың хикаясы», қарасөзбен жазылған Е.Ақынбеков пен Ә.Оспанов нұсқалары, сондай-ақ Н.Байғанин, С.Жаңбыршин, А.Нысанов, Рахат сынды халық таланттары жырлаған нұсқалар енді. Соңғы төрт жыр бұрын-соңды жарияланбаған. Ә. Диваев пен Ә. Қоңыратбаев нұсқаларының сюжеттік және мәтіндік жақтарынан өте жақын тұрғандығы ескеріліп, томға бұл екі варианттың алғашқысы ғана ұсынылды.
«Алпамыс батыр» жырының Кеңес кезеңінде баспа бетін көрген варианттарына сол кездің саяси-қоғамдық талаптарына орай мәтіндік өңдеу, редакция жүргізілгені жасырын емес. Жыр мәтіндері М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен Орталық Ғылыми кітапхананың қолжазба қорларында сақтаулы түпнұсқалары бойынша дайындалды. Бұған қоса, ілкі жинақтарда түсіп қалған, яки қолжазбадан қате оқылған жыр жолдары мен жекелеген сөздер түпнұсқа бойынша түзетіліп, мәтіндер бастапқы қалыпқа келтірілді. Бұрын жарияланбаған мәтіндер араб, латын харпіндегі қолжазбалардан қазіргі әліпбиге түсіріліп өзгеріссіз берілді.
Сондай-ақ, көптомдық батырлар жырының бұл алғашқы томына беташар сөз ретінде белгілі әдебиетші, академик Қ.Жұмалиевтің қазақ эпосы туралы ертеректе жазылған зерттеу еңбегінен үзінді берілді. Кеңес кезеңінде жарияланған мақаланы Тәуелсіздік дәуірінің сұранысына сай толықтырып, фольклор тұрғысынан жаңаша ой түйіп, ғылыми пікір білдірген көрнекті ғалым, академик С.Қасқабасов.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, отыз үшінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-22,75 б.т.
34-том. Батырлар жыры
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарлама аясында жарияланатын «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеп, жарыққа шығаруды одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін жарияланған отыз үш томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын дастандар мен тарихи жырларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлық жырлардың бір томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың соңғы он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 34-томы батырлар жырына арналды. Бұл томға «Қисса-и Алпамыс батыр», «Алпамыс батыр қиссасы», «Қисса Алпамыс», «Алпамыс батыр» атты эпостық нұсқалар енді.
«Алпамыс батыр» жырының оннан астам нұсқалары бар. Оларды ғылыми тұрғыдан жүйелеп, екі томға жинақтау жоспарланды. Алғашқы томға енген төрт жыр нұсқасының біреуі (Жыршысы-Келімбет Серғазыұлы) бұрын-соңды жарияланбаған. Сондай-ақ «Алпамыс батыр» жырының Кеңес кезеңінде баспа бетін көрген варианттарына сол кездің саяси-қоғамдық талаптарына орай мәтіндік өңдеу, редакция жүргізілгені жасырын емес.
Бұған қоса, ілкі жинақтарда түсіп қалған, яки қолжазбадан қате оқылған жыр жолдары мен жекелеген сөздер түпнұсқа бойынша түзетіліп, мәтіндер бастапқы қалыпқа келтірілді.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, отыз төртінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-24. б.т.
35-том. Батырлар жыры.
«Бабалар сөзі» сериясының 35-томына «Қобыланды батыр» жырының Марабай (Ә. Диваев нұсқасы), Көшелек, Құлзақ, Сүйіншәлі сынды ақын-жыршылардың репертуарына енген көлемді бес нұсқасы ұсынылды.
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланып жатқан «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеп, жарыққа шығаруды одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін жарияланған отыз төрт томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының екі томы сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 35-томы батырлар жырына арналды. Бұл томға «Қобыланды батыр» мен оның ұрпақтарының батырлық, ерлікке толы ғұмырын баяндайтын бес жыр нұсқасы енді.
«Қобыланды» жырының отызға жуық нұсқалары бар. Оларды ғылыми тұрғыдан жүйелеп, төрт томға жинақтау жоспарланды. Алғашқы томға енген Марабай нұсқасынан өзге жыр мәтіндері, яғни Көшелек Еламанұлы, Құлзақ Амангелдіұлы, Сүйіншәлі Жаңбыршыұлы варианттары бұрын-соңды жарияланбаған. Мәселен, бұл томға орынборлық жыршы Сүйіншәліден жазып алынған (1957ж) Қобыланды батыр және оның ұрпақтары туралы екі жыр мәтіні еніп отыр.
Сондай-ақ «Қобыланды» жырының Кеңес кезеңінде баспа бетін көрген варианттарына сол кездің саяси-қоғамдық талаптарына орай мәтіндік өңдеу, редакция жүргізілгені жасырын емес. Бұған қоса ілкі жинақтарда түсіп қалған, яки қолжазбадан қате оқылған жыр жолдары мен жекелеген сөздер түпнұсқа бойынша түзетіліп, мәтіндер бастапқы қалыпқа келтірілді.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, отыз бесінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-24.5 б.т.
36-том. Батырлар жыры
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін жарияланған отыз бес томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының үш томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 36-томы батырлар жырына арналды. Бұл томға «Қобыланды батыр» эпосының үш нұсқасы енді.
«Қобыланды батыр» жырының ел арасында кең тараған отызға жуық нұсқасы бар. Бұл жыр үлгілерін, негізінен, қазақтың батыс өңірінен шыққан көптеген ақын-жыраулар айтқан. Солардың ең атақтысы-Марабай ақын. Эпостық нұсқаларды ғылыми тұрғыдан жүйелеп, төрт томға жинақтау жоспарланды. Алғашқы томға Көшелек Еламанұлы, Құлзақ Амангелдіұлы, Сүйіншәлі Жаңбыршыұлы жырлаған нұсқалар енсе, кезекті екінші томға Біржан Толымбаев, Нұрпейіс Байғанин және Ержан Ешімұлы сынды ақындардың репертуарында орындалған жыр нұсқалары ұсынылды.
Сондай-ақ «Қобыланды батыр» жырының Кеңес кезеңінде жарық көрген бірқатар варианттарына сол кездің саяси-қоғамдық талаптарына орай мәтіндік өңдеу, редакция жүргізілгені жасырын емес. Бұған қоса ілкі жинақтарда түсіп қалған, яки қолжазбадан қате оқылған жыр жолдары мен жекелеген сөздер түпнұсқа бойынша түзетіліп, мәтіндер бастапқы қалыпқа келтірілді.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, отыз алтыншы том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-30 б.т.
37-том. Батырлар жыры
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін жарияланған отыз алты томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының төрт томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 37-томы батырлар жырына арналды. Бұл томға «Қобыланды батыр» эпосының бес нұсқасы енді.
«Қобыланды батыр» жырының ел арасында кең тараған отызға жуық нұсқасы бар. Бұл жыр үлгілерін ХІХ ғасырдағы қазақтың көптеген белгілі ақын-жыраулары айтқан. Солардың қатарында-Марабай, Қашаған, Бітімбай, Мергембай, Біржан, Нұрпейіс т.б. ақын-жырауларды ерекше атауға болады. Эпостық нұсқаларды ғылыми тұрғыдан жүйелеп, төрт томға жинақтау жоспарланды. Алғашқы томға Көшелек Еламанұлы, Құлзақ Амангелдіұлы, Сүйіншәлі Жаңбыршыұлы жырлаған нұсқалар енсе, екінші томға Біржан Толымбаев, Нұрпейіс Байғанин және Ержан Ешімұлы сынды ақындардың репертуарында орындалған жыр нұсқалары ұсынылды. Ал кезекті үшінші томға Айса Байтабынұлы, Сәдуақас Ділманов, Нұрсейіт Битілеуов, Ережеп Тілеумағамбетұлы сынды халық таланттырының репертуарынан әр кезде жазылып алынған таңдаулы жыр мәтіндері енгізіліп отыр.
Бір айта кетерлігі, бұл аталған «Қобыланды батыр» жырының варианттары бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған. Мұның өзі эпостану ғылымына қосылған құнды жаңалықтың бірі десек қателеспейміз. Жыр мәтіндері ӘӨИ Қолжазба қоры мен ОҒК Сирек қорында сақтаулы қолжазбалардан алынып, араб әрпінен қазіргі әліпбиге түсірілді.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, отыз жетінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-33,75 б.т.
38-том. Батырлар жыры
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын
әзірлеуді одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін жарияланған отыз жеті томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы,
тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының төрт томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін
жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 38-томы батырлар жырына арналды. Бұл томға «Қобыланды батыр» эпосының Мергенбай нұсқасы енді.
«Қобыланды батыр» жырының ел арасында кең тараған отызға жуық нұсқасы бар. Бұл жыр үлгілерін ХІХ ғасырдағы қазақтың көптеген белгілі ақын-жыраулары айтқан. Солардың қатарында-Марабай, Қашаған, Бітімбай, Мергенбай, Біржан, Нұрпейіс т.б. ақын-жырауларды ерекше атауға болады. Эпостық нұсқаларды ғылыми тұрғыдан жүйелеп, төрт томға жинақтау жоспарланды. Алғашқы томға Көшелек Еламанұлы, Құлзақ Амангелдіұлы, Сүйіншәлі Жаңбыршыұлы жырлаған нұсқалар енсе, екінші томға Біржан Толымбаев, Нұрпейіс Байғанин және Ержан Ешімұлы сынды ақындардың репертуарында орындалған жыр нұсқалары ұсынылды, үшінші томға Айса Байтабынұлы, Сәдуақас Ділманов, Нұрсейіт Битілеуов, Ережеп Тілеумағамбетұлы сынды халық таланттарының репертуарынан әр кезде жазылып алынған таңдаулы жыр мәтіндері енді. Жырдың соңғы томына атақты Мергенбай жыраудың «Қобыланды батыр» және «Қобыланды батырдың баласы Киікбай» және «Қобыландының Темірланды жеңуі» нұсқалары кіріп отыр.
Мергенбай жырлаған «Қобыланды батыр»-қазақ эпостану ғылымындағы ең көбірек зерттелген нұсқалардың бірі. 1957 жылы осы жыр мәтіні М.О.Әуезов пен Н.С.Смирнованың басқаруымен «Қазақ эпосы» сериясы бойынша төртінші кітап болып жарық көрді (баспаға әзірлегендер: М.С.Сильченко, О.Ә.Нұрмағамбетова). Бұдан соң аталған нұсқа 1958, 1963 жылдары Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Б.Уахатов, М.Ғұмарова, С.Лыпкин сияқты ғалымдардың әзірлеуімен қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты. Сондай-ақ 1975 жылы Мәскеуде КСРО Ғылым академиясы А.М.Горький атындағы Дүние жүзі әдебиеті институтының жанынан шығатын «КСРО халықтарының эпосы» атты серия бойынша ғылыми басылым ретінде жеке кітап болып шықты. Белгілі фольклортанушы О.Ә.Нұрмағамбетова мен Н.В.Кидайш-Покровская жырды толықтай орыс тіліне аударып, екі тілдегі мәтін және эпос туралы көлемді зерттеу мақала жазған болатын.
«Қобыланды» жырының Кеңес кезеңінде баспа бетін көрген варианттарына сол кездің саяси-қоғамдық талаптарына орай мәтіндік өңдеу, редакция жүргізілгені жасырын емес. Бұған қоса ілкі жинақтарда түсіп қалған, яки қолжазбадан қате оқылған жыр жолдары мен жекелеген сөздер түпнұсқа бойынша түзетіліп, мәтіндер бастапқы қалыпқа келтірілді.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, отыз сегізінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер,
эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-25 б.т.
39-том. Батырлар жыры
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін жарияланған отыз сегіз томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының алты томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безен�дірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталған серияның кезекті 39-томы «Едіге батыр» жырына арналды. Бұл томға Қазақ арасына ертеден даңқы жайылған Едіге батыр жайындағы эпостың сегіз нұсқасы енді.
Олар: 1. 1905 жылы Санкт-Петербургтен шыққан Шоқан Уәлихановтың «Едіге жыры» нұсқасы: 2. Ә.Диваевтің «Едіге батыр» (Ташкент, 1922) нұсқасы. 3. Мәшһүр Жүсіп Көпеев жинаған «Ер Едіге» (Алматы, 1992) аңызы; 4. Мұрын жырау варианты («Едіге»); 5. «Мәулімнияз-Едіге» (Нұртуған нұсқасы); 6. Қоңырат қаласының тұрғыны (Қарақалпақстан) Қылышбайұлы Қартбайдың орындауында жазылып алынған «Едіге батыр эпосы»; 7. Халық ақыны Қалқа Жапарбаев жырлаған «Едіге-Нұран» нұсқасы; 8. Аякеш Өмірзақовтың айтуынан хатқа түскен «Едіге батыр әңгімесі». Соңғы екі мәтін бұрын еш жерде жарияланбаған және зерттелмеген.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, отыз тоғызыншы том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-28 б.т.
40-том. Батырлар жыры
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемле�кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін жарияланған отыз тоғыз томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының жеті томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безен�дірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 39-томы эпостық шығармаларға арналды. Бұл томға «Орақ-Мамай» жырының төрт нұсқасы еніп отыр.
Олар: 1. 1903 жылы Қазан қаласында жарық көрген белгісіз жыршының нұсқасы; 2. Көрнекті қазақ ақыны Нұртуған Кенжеғұлұлы жырлаған көркем әрі көлемді нұсқа; 3. Қоңырат қаласының тұрғыны (Қарақалпақстан) Атаубай Мәмбетұлының айтуынан жазылып алынған вариант; 4. Орынбасар Оңғарбайұлының репертуарынан жазылған «Орақ-Мамай» эпосының нұсқасы.
Соңғы екеуі Қазақстанның батыс өңіріне тән жыршылық мектеп өкілдері екені мәлім. Жалпы, ноғайлы дәуірінде туған тарихи сюжеттерді жырлауда батыс өңірдегі ақын-жыраулардың орны ерекше. Себебі, «Қырымның қырық батыры» тәрізді ұзақ, желілі жырлармен қатар, жеке қаһармандық эпос үлгілерін жырлап, халық арасына тарату, насихаттау, оларды кейінгі ұрпаққа жеткізу бағытындағы зор әрі игілікті еңбекті жалықпай атқарған осы-Жайық, Сыр және Әмудария құйылысын мекендеген жыршы-жыраулар қауымы екендігі мәлім.
Басқа ноғайлы дәуірінің эпостық мұралары сияқты, «Орақ-Мамай» жыры да ұзақ уақыт бойы жариялауға тыйым салынып келгендіктен, кейінгі жылдары ғана зерттеліп жарық көре бастады. Томға енген мәтіндердің арасында тек Нұртуған вариантының бір бөлігі мен қоңыраттық Атаубай Мәмбетұлының нұсқасы ғана жарық көрген.
«Орақ-Мамай» эпосының бұрын баспа бетін көрген варианттарына сол кездің саяси-қоғамдық талаптарына орай, мәтіндік өңдеу, редакция жүргізілгені жасырын емес. Бұған қоса ілкі жинақтарда түсіп қалған, яки қолжазбадан қате оқылған жыр жолдары мен жекелеген сөздер түпнұсқа бойынша түзетіліп, мәтіндер бастапқы қалыпқа келтірілді.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, отыз тоғызыншы том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-30,5 б.т.
41-том. Батырлар жыры
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін жарияланған қырық томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының сегіз томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 41-томы батырлар жырына арналды. Бұл томға «Қарасай, Қази» жырының мынадай алты нұсқасы топтастырылды: Мұрат, Қашаған, Нұрпейіс ақындар және Шоқаев Құдайберген мен Мүстежеп Ахметов жырлаған нұсқалар, Ш.Кәрібаев әзірлеген, «Әдебиеттік оқу кітабының» (1944 ж.) құрамына кірген, жырлаушысының кім екені көрсетілмеген нұсқа.
«Қарасай, Қази» жырының бізге отыздан астам нұсқасы сақталып, жеткен. Бұл жыр ежелден келе жатқан ғажайып эпикалық мұра-«Қырымның қырық батыры» атты жырлар циклының құрамына енген қаһармандық эпос үлгілерінің бірі. Жырдың нұсқаларын халық арасына таратушылардың қатарында Мұрат Мөңкеұлы, Қашаған Күржіманұлы, Нұрпейіс Байғанин, Нұртуған Кенжеғұлұлы сияқты ақиық ақындар, А.Байтабынов, Қ.Иманғалиев, Жақсылық, Наурызбек, Төренияз және одан да өзге жыршылар мен жыраулар бар. Нұсқаларының көптігін және ол нұсқалардың арасында азды- көпті айырмашылықтар орын алатынын ескере отырып, «Бабалар сөзі» жүзтомдығының қырық бірінші, қырық екінші томдарына «Қарасай, Қази» жыры нұсқаларының үлгілерін енгізу жоспарланып отыр.
Көркемдік, танымдық-тағлымдық жағынан зор мән-маңызы болуына орай, кезінде үлкен сұранысқа ие болғаны Мұрат ақын жырлаған нұсқасының 1924, 1943 жылдары баспа бетін көруінен, Нұрпейіс жырлаған нұсқасының ақынның 1946 жылы баспа бетін көрген «Таңдамалы шығармалар» атты кітабына енуінен, енді бір нұсқасы 1944 жылы жарық көрген, 5- сыныпқа арналған «Әдебиеттік оқу кітабының» құрамына енген сөз өнері үлгілерінің қатарынан орын алуынан, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан және тағы басқа көрнекті ғалымдардың іргелі зерттеулерінің нысанына айналуынан аңғарылатын «Қарасай, Қази» жырының жариялануына, зерттелуіне ұзақ уақыт бойы тыйым салынып келді. Бұған ВКП(б) Орталық Комитетінің 1944 жылғы 9 тамызда қабылданған Татар партиялық ұйымындағы бұқаралық-саяси және идеологиялық жұмыстарды жақсарту жөніндегі шаралар туралы қаулысы мен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1947 жылы қабылданған Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл, әдебиет институтының жұмысы туралы қаулысы себепші болғаны белгілі.
Солақай саясаттың осындай зардабын жою оған мүмкіндік туған кезеңнің өзінде де баяу жүзеге асырылып келгені «Қарасай, Қази» жырының жариялылық заманы орнағаннан кейін жарық көруі 1988 жылы Қ.Иманғалиевтің орындауындағы күйтабақтың шығарылуымен, Мұрат ақын жырлаған нұсқаның Х.Досмұхамедов еңбектерінің жинағында және «Алқаласа, әлеумет» (1991) жинағында қайта басылуымен, Қашаған Күржіманұлы нұсқасының ақын шығармаларының «Топан» атты жинағына енуімен, Сейіт жырау нұсқасының Қытай Халық Республикасында шығып тұратын «Мұра» журналының 1990 жылғы 2-санында жариялануымен және Мұрын жыраудан жазылып алынған «Қырымның қырық батыры» жырлар циклының 1989 жылғы, 2005 жылғы басылымдарында да бұл жырдың бір нұсқасы болуымен ғана шектелетінінен айқын аңғарылады.
Демек, нұсқаларының басым көпшілігі осы кезге дейін жарияланбай, оқырман қауымының назарынан тысқары қалып келген «Қарасай, Қази» және «Әділ сұлтан» жырларының алдағы уақытта оқырманмен қауышқалы отырған екі томдық жинағы мәдени мұраны танып-білу, игеру, халық игілігіне асыру бағытында жасалған елеулі қадам екені анық.
«Бабалар сөзі» сериясының кезекті қырық бірінші томы көптомдықтың негізгі ұстанымдарына сәйкес, ғылыми қосымшалармен толықтырылды.
Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-28 б.т.
42-том. Батырлар жыры
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін жарияланған қырық бір томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының тоғыз томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталған серияның 42-томы батырлар жырына арналды. Бұл томға «Қарасай-Қази» эпосының төрт нұсқасы енді.
«Қарасай-Қази» жырының ел арасында кең тараған отызға жуық нұсқасы бар. Бұл жыр үлгілерін ХІХ ғасырдағы қазақтың көптеген белгілі ақын-жыраулары айтқан. Солардың қатарында: Мұрын, Қашаған, Айса, Қобылаш, Нұртуған, Мұрат, Жақсылық, Құдайберген т.б. ақын-жырауларды ерекше атауға болады.
Эпостық нұсқаларды ғылыми тұрғыдан жүйелеп, екі томға жинақтау жоспарланды. Алғашқы томға Мұрат, Қашаған, Нұрпейіс, Құдайберген, Төренияз, Мүстежеп жырлаған нұсқалар енсе, екінші томға Айса, Жақсылық, Сейіт және Маңғыстау өңірінен жазып алынған белгісіз жыршының нұсқалары ұсынылды.
Жалпы «Қарасай-Қази» эпосы қазақ арасында «Қобыланды батырдан» кейінгі ең көп нұсқалы, халық сүйіп тыңдаған арналы жырлардың бірі.
Аталған жыр нұсқаларын ел арасынан жинап, жазып алып, бүгінгі ұрпаққа жеткізуші-Мұрат Құсниұлы, Ғұмар Қараш, Ығылман Шөреков, Халел Досмұхамедұлы, Асайын Хангелдин, Т. Күнтуғанов, Қартбай Қылышұлы, Иманбай Ұйықбаев, Төкен Кенжалин, Қ. Сыдиықов, Ш.Үсенбаев сынды халық мұрасы жанашырларының еңбегі өте зор.
«Қарасай-Қази» эпосының сюжеттік желісіне ХVI ғасырда Ноғай ордасы мен Қырым хандығының тұсында өткен тарихи оқиғалар арқау болған. Әйтсе де, жыршылар аласапыран кезеңнің оқиғаларын сол күйінше бейнелеуден гөрі, эпосты көркемдік тұрғыдан дамытып, өз қиялдарының елегінен өткізе отырып жырлағанын көреміз. Халықтық шығармадағы көптеген тарихи оқиғалар жинақталып, жырдың бас кейіпкерлері-Қарасай мен Қазидың маңайына топтастырылған. Эпикалық қуаты мол жырда Қарасай, Қази мен Әділ сұлтанның Астрахан түбіндегі Қиғаш тауында, сондай-ақ Кавказдағы Дербент қаласы төңірегінде қалмақ, қызылбас елдерінің әскерімен болған ұрыс қимылдары және Әділ сұлтанның жау қолына тұтқынға түсуіне қатысты шытырман оқиғалар да кең қамтылады.
Бір айта кетерлігі, бұл аталған «Қарасай-Қази» жырының варианттары бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған. Мұның өзі эпостану ғылымына қосылған құнды жаңалықтың бірі десек қателеспейміз. Жыр мәтіндері ӘӨИ Қолжазба қоры мен ОҒК Сирек қорында сақтаулы қолжазбалардан алынып, араб әрпінен қазіргі әліпбиге түсірілді.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, қырық екінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-27,25 б.т.
43-том. Батырлар жыры
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланып жатқан «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеп, жарыққа шығаруды одан әрі жалғастыруда.
Серияның бұған дейін жарияланған томдарында ұлттық фольклорымыздың аса көркем де көлемді саласы болып саналатын хикаялық дастандардың тоғыз томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың алты томы, батырлық жырлардың он томы және Қытайдағы қазақ фольклорына арналған он томы жарық көрді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның қырық үшінші томы батырлық эпосқа арналды. Бұл томға «Қамбар батыр» жырының он бір нұсқасы енді.
Қазақ халқының эпикалық мұрасынан елеулі орын алатын, ел ішінде кең тараған батырлық жырлардың бірі «Қамбар батыр» жыры алғаш ХІХ ғасырдың ортасында қағазға түсіп, жариялана бастады. 1888 жылы жырдың бір нұсқасын У.Тухфатуллин деген татар азаматы Зайсан өңірінен жазып алып, «Қисса Қамбар» деген атпен Қазан қаласындағы Университет баспаханасынан жариялаған. Жыр мәтіні 1903 жылы Қазанда ағайынды Кәримовтер баспаханасынан «Тоқсан үйлі тобыр» деген атпен тағы да жарық көрді (баспаға дайындаушы көрсетілмеген). Белгілі шығыстанушы И.Н.Березин 1890 жылы Санкт-Петербор қаласында басылған «Түрік хрестоматиясы» атты жинағында (3-том, 2-бөлім) «Қамбар баһадүрдің жыры» атты жыр нұсқасын жариялады. Қазақ фольклорын насихаттаушы, этнограф ғалым Ә.Диваев 1922 жылы Тәшкенде қазақтың батырлық жырларымен қатар, «Қамбар батыр» жырын баспаға дайындады. Қазан басылымдары негізінде жаңа жазбалары (редакциялары) туды. Сондай-ақ жырдың Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Шымкент, Павлодар, Омбы өңірлерінен жиналған нұсқалары бар.
«Қамбар батыр» жырының жиырмадан астам нұсқалары ғылыми тұрғыдан жүйеленіп, жырдың негізгі алты варианты: 1888, 1890, 1922 жылғы басылымдары, Қалқай, Бармақ, Шапай нұсқаларымен қоса, басылымдардағы мәтіндік өзгерістерді салыстыра көрсету үшін 1903 жылғы «Тоқсан үйлі тобыр», сюжетінде айтарлықтай өзгешелігі бар Маясар Жапақов пен Шоқатаев нұсқалары мен эпостың қара сөзбен баяндалған ертегілік екі нұсқасы, барлығы-он бір нұсқа бір томға жинақталды. Ә.Диваевтың 1922 жылы Ташкентте басылған «Қамбар батыр» нұсқасы кеңестік кезеңде бірнеше мәрте жарық көрсе, 1903 жылы Қазанда басылған «Тоқсан үйлі тобыр», Бармақ нұсқасы, Березин ертегісі жырдың 1959 жылғы ғылыми басылымында жарияланған, ал қалған жеті нұсқа тұңғыш рет ұсынылды.
1953 жылғы Қазақ КСР ҒА-ның Президиумы ұйымдастырған эпос жөніндегі дискуссия қорытындысынан кейін халық ауыз әдебиетінде батырлық жырлардан сынға ілікпеген «Қамбар» мен «Ер Тарғын» ғана қалдырылды. Фольклорлық шығарма жазба әдебиетке қойылатын талап тұрғысынан зерттелді, шығарманың идеясы мен тақырыбына баса мән беріліп, кейіпкерлер тек таптық-әлеуметтік тұрғыда қаралды.
Жырдың алғашқы ғылыми басылымы М.Әуезов пен Н.С.Смирнованың редакциялық басқаруымен 1959 жылы жарық көрген болатын (баспаға дайындаған: М.Ғұмарова, Н.Смирнова). Өз кезеңінің талаптарына толық жауап бергенімен, бұл басылымның бүгінгі күн талабы тұрғысынан толықтырар тұстары жеткілікті еді. Құрастырушылар 1888 жылғы нұсқаны алмай, 1903 жылғы Қазан басылымын жариялаған. 1888 жылғы Қазан басылымындағы «кәпір», «орыс» этнонимдері кейінгіде «қалмақ» болып өзгертілген. Кеңестік дәуірде жырдың алғашқы нұсқасы «діни сөздер көбірек қолданылған» деп бағаланды.
Жырдың түрлі нұсқаларын халық ақындарынан, жыршылардан жазып алу жұмысы жүйелі жүргізілді. 1941 жылы Қазақстан Жазушылар Одағы Шашубай Қошқарбайұлын Балқаштан арнайы шақырып алып, ақын өлеңдерін жазу жұмысын ұйымдастырды. «Қамбар» жырының Шашубай жырлаған нұсқасын С.Сейітов пен Ә.Тәжібаев сынды әдебиетшілер жазып алып, 1942 жылы ақынның «Сөйле, Шашеке» жинағында жариялаған. 1958 жылы ақпан айында Тіл және әдебиет институтының халық творчествосы бөлімінің бастығы академик М.О.Әуезовтің қолдауымен Қызылорда облысындағы белгілі жырау Рахмет Мәзқожаевты институтқа шақыртып алдырып, репертуарын тыңдап, білетін жырларын жазып алады. О.Нұрмағамбетова мен М.Ғұмарова «Қамбар», «Көрұғлы» т.б. жырларды магнитофон таспасына түсіреді. Сондай-ақ елдегі Құлзақ Амангелдин мен Келімбет Серғазиев сынды жыршылардан эпостың Диваев нұсқасы жазылып алынды.
Томға енген жыр мәтіндері М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен Орталық Ғылыми кітапхананың қолжазба қорларында сақтаулы түпнұсқалардан дайындалды. Батырлық жырларға арналған жинақтарда түсіп қалған немесе қолжазбадан қате оқылған жыр жолдары мен жекелеген сөздер түпнұсқа бойынша түзетіліп, мәтіндер бастапқы қалыпқа келтірілді. Бұрын жарияланбаған мәтіндер қолжазбалардан еш өзгертусіз берілді.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, қырық үшінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-26,0 б.т.
44-том. Батырлар жыры
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін жарияланған қырық үш томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының он бір томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының рухани қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталған серияның кезекті 44-томы батырлар жырына арналды. Бұл томға «Ер Тарғын», «Ер Көкше», «Ер Қосай», «Сайын батыр» және «Қарабек батыр» эпостары енгізілді.
«Ер Тарғын» жырының негізгі сюжетін қазақ халқының ұлттық қалыптасу кезеңінен маңызды орын алатын ноғайлы дәуірінің тарихи оқиғалары құрайды. Аталған эпостың бірнеше нұсқалары сақталған. Жырдың халық арасында кеңінен таралған көркем үлгілерінің бірі-Марабай нұсқасы екендігі мәлім. «Ер Тарғын» жырының осы вариантын орыс миссионері Н.Ильминский ХIХ ғасырдың 60-жылдарында жыршының өз аузынан жазып алып, оны 1862 жылы Қазандағы «Университет» баспасынан жарыққа шығарған. Сол уақыттан бері «Ер Тарғын» жыры 20-ға жуық рет қайта басылым көрді. Бұлардың арасында эпостың Ә.Диваев, Қ.Иманов, Н.Нұрғалиұлы, З.Бекарыстанов, Н.Саркин т.б. нұсқалары бар. Аталған кісілердің бірқатары Марабай жырлаған нұсқаның ел аузындағы үлгілерін жинап, жариялаған болса, енді біреулері эпосты жаңарта, жаңғырта жырлап, жырдың мазмұнын байыта, дамыта түскенін көреміз. Ұсынылып отырған томға Марабайдың Қазанда жарияланған вариантынан өзге Оспан Қисықұлы және Нұрқасым Нұрғалиұлы нұсқалары кірді.
Жинаққа еніп отырған «Ер Көкше» жыры халық арасында ертеден мәлім. Бұл-«Қырымның қырық батыры» тәрізді желілі, ұзақ жырлардың қатарын құрайтын эпикалық туындылардың бірі. Әдеби қорда В.Радлов нұсқасынан басқа Мұрын жырау, Мәшһүр Жүсіп, Б.Сарманов жинаған жыр үлгілері сақталған. «Бабалар сөзі» сериясының бұл томына «Ер Көкше» эпосының ең көне басылымы ретінде В.Радлов нұсқасы еніп отыр. Сондай-ақ осы томға Көкше батырдың ұлы Ер Қосай туралы жырдың Асайын Хангелдин жинаған варианты ұсынылды. Мұның өзі-«Қырымның қырық батыры» цикліне кіретін жеке батырлардың «әулеттік» династиясын толықтыра түсетін көрнекті мысал. Эпостану тарихындағы Орақ-Қарасай, Шынтас-Төрехан, Едіге-Нұрадын, Қобыланды-Бөкенбай т.б. әкелі-балалы батырлар елдік, ерлік мұраты жалғастығының айқын айғағы.
Кезінде бір нұсқасын алаш ұстазы А.Байтұрсынов Мәскеуде жариялаған «Ер Сайын» жыры да осы жинаққа енді. Ол да қазақ жырауларының репертуарынан тұрақты орын алған, байтақ сахара жұрты сүйіп тыңдаған батырлық эпостардың бірінен саналады. Жырдың ел аузынан В.Радлов, А.Байтұрсынов, М.Көпеев, Р.Игнатьев, Қ.Иманов жинаған бірнеше нұсқалары ОҒК және ӘӨИ қолжазба қорларында сақталған. Осы жолы «Бабалар сөзі» сериясының 44-томына енгізіліп отырған «Ер Сайын» жырының мәтіні В.Радлов жинағы бойынша (1870 ж) әзірленді. Томға ұсынылып отырған тағы бір халықтық шығарма-«Қарабек батыр» жыры. Бұл да ноғайлы дәуірінде өткен тарихи кезеңдік оқиғаларды кең қамтитын көлемді эпостардың бірі. Жинаққа кірген эпостың екі нұсқасы да бұрын әлденеше рет жарық көрген, әйтсе де арнайы зерттеу нысанына ілінбеген. Олардың алғашқысы 1882 жылы Қазанда башқұрт елінің азаматы Мәулекей Юмашев (Жұмашев) жариялаған нұсқа болса, екіншісін 1940 жылғы «Арал экспедициясы» кезінде осы өңірдің тумасы Жаңаберген Бітімбайұлы атты жыраудан фольклоршы Марат Ахметов жазып алғаны мәлім. «Қарабек батырдың» соңғы нұсқасы-көлемді әрі көркем, кестелі тілімен жырланған кәделі туынды. 6720 жолды құрайтын жырдың бұл вариантын «безендіруге» белгілі бір дәрежеде жыршының жақын туысы саналатын ірі эпик ақындарымыздың бірі- Нұртуған Кенжеғұлұлы да қатысуы мүмкін. Ең бастысы 44- томға еніп отырған «Қарабек батыр» жырының екі нұсқасы да қолжазба материалдарымен салыстырылып, толықтырылып берілді.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, қырық төртінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-31 б.т.
45-том. Батырлар жыры
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарлама аясында жарияланып жатқан «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеп, жарыққа шығаруды одан әрі жалғастыруда.
Серияның бұған дейін жарияланған томдарында ұлттық фольклорымыздың аса көркем де көлемді саласы болып саналатын хикаялық дастандардың тоғыз томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың алты томы, батырлық жырлардың он екі томы және Қытайдағы қазақ фольклорына арналған он томы жарық көрді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның қырық бесінші томы батырлық эпосқа арналды. Бұл томға «Шора батыр» жырының төрт нұсқасы енді.
«Шора батыр» жыры қазақ халқының аса сүйікті туындыларының бірі бола тұра, кеңестік идеология тарапынан қуғынға ұшырады. Өткен ғасырдың 40-жылдарының екінші жартысы мен 50-жылдардың алғашқы жартысында «Қамбар батырдан» басқа эпос үлгілері «зиянды мұра» деп айыптаған тұстан бастап, «Шора батыр» жариялану, зерттелу мүмкіндігінен айырылды. Оның есесіне, шетел зерттеушілері бұл жырға айырықша қызығушылық танытты. Ағылшын, румын, поляк, түрік ғалымдары «Шора батырдың» әр түрлі ұлттық нұсқаларына талдаулар жасады.
Жырдың ноғай, қырым татарлары, татар, қазақ, қарақалпақ, қырғыз ұлттық нұсқалары бар. Бұл ұлттардың шығармашылығынан «Шора батырдың» қатар орын алуын тарихи-генетикалық типология белгісі деп қараған жөн. Тек қырғыздардағы нұсқа ғана тарихи-мәдени типология жемісі деуге лайық. Өйткені бұл эпос қырғыздарға қазақтар арасынан ауысып барған.
Халық арасында кең тараған жыр нұсқаларының бірі алғаш рет 1884 жылы Қазанда «Қисса-и Нәріктің ұғлы Шора батыр» деген атпен жарық көрді. Ал Ә.Диваев 1922 жылы эпостың екі нұсқасын жариялады. 1932, 1939 жылдары С.Сейфуллин, С.Мұқановтар осы мәтіндерді қайта бастырды. Осы нұсқаларды М.Әуезов, С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, С.Мұқанов, Б.Кенжебаев, А.С.Орловтар өз зерттеулерінде жалпы қазақ эпосы құрамында қарастырған. Өткен ғасырдың 70-жылдарының соңынан бастап Р.Бердібаев, Ә.Оспанұлы сияқты ғалымдар жырды ақтап алу мақсатында мақалалар жазды.
Жинаққа енгізілген нұсқалардың екеуі, яғни Мұсабай және Ә.Сариев нұсқалары алғаш рет жарияланып отыр. Ал 1884 жылы жарық көрген М.Әлиакбарұлы нұсқасы одан кейін қайта жарияланған емес. Ол да кирилл жазуында бірінші рет оқырманға ұсынылып отыр. Зерттеуші Ә.Оспанұлы 1995 жылы молда Мұса вариантын ақынның төл туындысы ретінде жариялаған болатын. Ол мәтін М.Тоққожаевтың М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорында сақтаулы тұрған қолжазбасымен салыстырыла отырып, қысқартылған және қалып қойған 550-дей жыр жолы қалпына келтірілді.
Бұл жинаққа «Шора батыр» жырының сюжеті мен поэтикалық эволюция деңгейінің өзіндік ерекшеліктері бар төрт нұсқасы-«Қисса-и Нәріктің ұғлы Шора батыр», «Ертедегі Шора батыр», «Қисса Нәрікбай-Шора» және «Ер Шора» енгізілді. Жинаққа топтастырылған нұсқалар жырдың поэтикалық даму кезеңдерінің сатыларын танытарлық ретпен орналастырылды. Томға ұсынылып отырған мәтіндер түпнұсқаларынан еш өзгеріссіз дайындалды. Баспаға дайындау барысында қолжазбада жазылмай қалған әріп, сөз қателерін (айқын көрініп тұрған) тік жақшаға алып беріп отырдық.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі принциптеріне сәйкес, қырық бесінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Көлемі-29 б.т.
46-том. Батырлар жыры
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін жарияланған қырық алты томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының он төрт томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталған серияның 46-томы батырлар жырына арналды.
Бұл томға «Қарасай-Қази», «Төрехан», «Бөген батыр» тәрізді қазақтың қаһармандық эпостары еніп отыр. Бұған дейін»Қарасай-Қази» жырының 10-нан аса нұсқасы екі томға жинақталып баспа бетін көргені мәлім (41,42-томдар). Кезекті басылымға жырдың алғашқы жинақтарға енбеген таңдаулы үлгілері ретінде маңғыстаулық жыршы Қобылаш Бекмағамбетов пен аралдық ақын Нұртуған Кенжеғұлұлының варианттары ұсынылды. Осы томға «Төрехан» эпосының атақты халық ақыны Нұрпейіс Байғанин жырлаған және фольклоршы Бисен Сариманов ел аузынан жазып алған белгісіз жыраудың нұсқасы да еніп отыр.
Сондай-ақ жинаққа көне қазақ-ноғай тарихи аңыздарының сарынымен шығарылған «Бөген батыр» эпосының екі нұсқасы кірді. Бұл екі нұсқаның жыршысы белгісіз. Өзара аздаған сюжеттік айырмашылықтарымен қатар, кейіпкерлердің есімдері де біраз өзгеріске түскен. Жырда Алтын орда, ноғай хандығы тұсындағы тарихи тұлғалар мен аталған мемлекеттердің аумағындағы Орал, Атырау, Ақтөбе өңірлерінің ежелгі жер-су аттары (Жирен-көл, Елек т.б.) ұшырасуына қарап, әдеттегідей, бұл эпостың қазақтың батыс өлкесінде қалыптасып, дамыған жыраулық мектеп өкілдері шығарып, таратуы әбден мүмкін деп санаймыз. «Бөген батыр» жырында қазақ эпосындағы ғажайып туу; батырға лайық ат таңдау; қалыңдық үшін күрес; әйелдердің күндестігі т.б. тұрақты мотивтер орын алған. Кітапқа енген «Қарасай-Қази» эпосының Қобылаш нұсқасы, «Төрехан» жырының Б.Сариманов варианты және «Бөген батырдың» белгісіз ақын жырлаған екінші нұсқасы бұрын жарияланбаған.
Аталған эпостардың сюжеттік арқауы-XI-XVII ғасыр аралығындағы ноғай-қазақ ұлыстарының басынан өткен тарихи оқиғалар, бұрынғы Жошы хан ордасы біржола күйреп, ыдыраған кезеңнің дүрбелеңі. Сөйтсе де, қаһармандық эпостың мазмұны нақты тарихи оқиғаларымен үйлесе бермейтіні анық. Себебі, қазақ эпосы қашанда дала жыршыларының бірнеше ұрпақ өкілдерінің қиял елегінен өткен, көптеген жыр мәтіндері көне фольклорлық, мифтік сарындармен толығып, жаңғыра түскен.
Томға ұсынылып отырған жыр мәтіндері ӘӨИ Қолжазба қоры мен ОҒК сирек қорында сақтаулы түпнұсқалары бойынша әзірленді.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес, қырық алтыншы том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-32 б.т.
47-том. Батырлар жыры
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін жарияланған қырық алты томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының он төрт томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталған серияның 47-томы батырлар жырына арналды.
Бұл томға негізінен түркімен бектері Бозұғлан, Жүсіп және Ахмет сынды батырлардың ерлікке толы өмірін баяндайтын бес жыр нұсқасы енді. Олар-Ешбай Көзбергенұлы, Базар жырау, белгісіз жыршы, Әзімбай Бижанұлы, Әбдімұрат Қоңырбайұлы нұсқалары.
Жырдың алғашқы нұсқаларының бірін Ешбай Көзбергенұлы деген (қай өңірден екендігі беймәлім) қазақ азаматы көне басылымдардың бірінен тәржімелеп, 1890 жылы Қазан қаласында кітап етіп бастырады. Шығарманың мәтінінде ескі түркі, шағатай, араб-парсы тілдері мол қолданыс тапқан. Сірә, аудармашы Ташкент қаласында немесе Қазанда шағатайша басылған түркімен дастанын оқыған қазақтар түсінерліктей сол кезде қалыптасқан «түркі» стиліне өңдеуге тырысқан. «Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек» жырының қазақ тіліндегі тұңғыш басылымы қара сөз көбірек араласқан өлең түрінде жазылғаны белгілі. Осы әуелгі нұсқаның сюжетіне қызыққан қазақ билеушілері эпостың мәтінін қарауындағы сауатты қызметшілеріне жолма-жол аудартып, кейін өзімен қадірлес, сөзін тыңдайтын дарынды жыршы-жырауларға өтініш етіп, өлеңмен, домбыра, қобыз сүйемелімен айтқызатын болған. Сондай бір әдемі әрленіп, тіл қадірін білетін талантты сөз зергерінің қолынан шыққан көркем халық жыры-Базар жырлаған «Жүсіп-Ахмет» эпосы.
Сондай-ақ Қостанай фольклорлық экспедициясы кезінде табылған (1939) «Ахметбек-Жүсіпбек» қиссасы атты нұсқаның сюжеттік желісі де Қазан баспасының мазмұнынан онша алшақ емес. Жалпы ертеректе жарық көрген жыр- дастандардың халықтық варианттарына тән құбылыс- кейінгілердің «кітаптың сөзін көп өзгерте алмауынан» болса керек. Мұны ХІХ ғасырдың соңында Қазан қаласында басылған «Қыз Жібек» эпосының тағдырынан да байқау қиын емес. «Қобыланды» жырындағы «Тайбурылдың шабысы» оның көптеген нұсқаларында өзгеріссіз қайталанып отыратыны мәлім. Бір жағынан, бұл фольклорлық жанрларда жиі ұшырайтын қалыпты, дәстүрлі сарын-тәсіл десек те болады.
«Бозұғлан» аталатын жырдың тағы бір нұсқасын семейлік Әзімбай ақын жырлаған. Мұнда да жыршы эпостық кітапта басылған вариантының мазмұнына аздаған мотивтік, эпизодтық өзгерістер енгізе отырып, жергілікті қыр қазақтарының тілімен көсілте жырлағаны көрінеді. «Бозұғланның» екінші бір үлгісі Қарақалпақстан қазақтарының арасынан жазылып алынған. Жыршысы-Әбдімұрат Қоңырбайұлы. Бір қызығы, мұнда жырдың тақырыбы бірдей болғанмен, шығарма сюжеті алдыңғыларға мүлдем ұқсамайды. Керісінше, Әбдімұрат жырлаған «Бозұғлан» нұсқасы қазақтың атақты «Қобыланды батыр» эпосының оқиғаларымен өте үндес, кей тұста тіпті, эпизодтық қайталаулар ұшырайды. Дегенмен кісі есімдері, жер-су, этнонимдерде көп айырма бары аңғарылады.
Томға енген жыр нұсқаларының тілі-көркем, сюжеттері- қызық. Олардың мәтінінен қазақтың әр өңірінен шыққан жыршы-ақындардың эпикалық мектебіне тән стильдік қолтаңбалары, айту мәнерлері мен жергілікті тіл ерекшеліктері айқын сезіледі. Ұсынылып отырған «Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек» эпосының нұсқаларының көпшілігі бұрын- соңды жарияланбауы және зерттеу назарына ілінбеуі де аталған жырдың ғылыми құндылығын арттыра түседі.
«Бабалар сөзі» сериясының кезекті қырық жетінші томы бұл көптомдықтың негізгі ұстанымдарына сәйкес, ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-26,25 б.т.
48-том. Батырлар жыры
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде жарияланатын «Бабалар сөзі» жүз томдық басылымын дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Аталған басылымның мақсаты-қазақ халқын рухани мұрасын түгелдей жинақтау және қолда бар фольклорлық материалдарды жарыққа шығару.
«Бабалар сөзі» сериясы-ғылыми басылым. Оның негізгі принципі-шығарманың табылған нұсқаларын жүйелеп, өзара салыстыра зерттеп, фольклорлық шығарманың сюжеті мен жанрлық белгілері туралы толық көрініс беретін мәтінді оқырманға ұсыну. Керек болған жағдайда бірнеше варианттары жарияланады.
Оқырманға ұсынылып отырған серияның қырық сегізінші томы «Көрұғлы» эпосына арналған. Түркіменнің теке руынан шыққан Көрұғлы туралы жырлар этникалық, тілдік және діни тұрғыда әр түрлі болып келетін қазақ, түрік, әзірбайжан, армян, грузин, өзбек, түркімен, тәжік, күрд, татар, абхаз, құмық, қарақалпақ т.б. ұлттардың фольклорында бірнеше ғасырлар бойы жырланып, халықтың сүйікті шығармасына айналған.
Бізде Көрұғлы мен оның әкесі Раушанбек батырдың ерлік істерін жалғастырған ұрпақтарына арналған эпостың жиырмадан астам нұсқалары мен жазбалары бар. Оларды жырлаған, таратқан, хатқа түсірген, жариялағандар: Хасен Мирбабаұлы, Қалижан Өтешұлы, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Жамбыл Жабаев, Рахмет Мәзқожаұлы, маңғыстаулық Абыл мен Нұрым жыраулар, олардан үйренген Мұрын жырау т.б.
Жырдың «Хикаят Көрұғлы сұлтан» мен «Үшбу Ғауазханның қиссасы-дүр» атты салалары алғаш рет 1885 жылы Қазан қаласында араб әрпінде жарияланды. Одан кейін олар еш өзгеріссіз 1890, 1895, 1905, 1906, 1909, 1915 жылдары қайта басылып отырды. Кеңес заманында Көрұғлы мен оның ұрпақтарына арналған жырлар 1973 жылы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қызметкерлерінің дайындауымен жарияланды [1989 ж. қайта басылып шықты].
Томға жырдың тоғыз нұсқасы енгізілді, олар: 1. «Раушанбек». 2. «Көрұғлының көрде туғаны». 3. «Ғират жайы, Көрұғлының Райхан арабпен соғысы». 4. «Көрұғлының Шағдатқа барғаны». 5. «Көрұғлы сұлтан өлеңі». 6. «Хикаят Көрұғлы сұлтан». 7. «Үшбу Ғауазханның қиссасы-дүр». 8. «Қисса Ғауазхан». 9. «Түркімен Қасымхан». «Көрұғлы» эпосының басқа нұсқалары келесі 49-томға енеді деп жоспарланып отыр.
Томға енген «Раушанбек», «Көрұғлының көрде туғаны», «Ғират жайы, Көрұғлының Райхан арабпен соғысы», «Көрұғлының Шағдатқа барғаны», «Қисса Ғауазхан», «Түркімен Қасымхан» атты нұсқалар 1973 жылғы жинақта біраз түзетулермен редакцияланып жарияланған. Сондықтан олар түпнұсқаларынан алынды.
Ал «Хикаят Көрұғлы сұлтан» мен «Үшбу Ғауазханның қиссасы-дүр» атты дастандар 1885 жылы араб әрпінде, бір кітап болып түптеліп жарияланған нұсқадан кирилл графикасына көшіріліп [көшірген-А.Ақан], баспаға еш өзгертусіз дайындалды. Атап айтатын жайт, 1973 жылғы «Көрұғлы» жинағына осы екі шығарманың түпнұсқалық мәтіні емес, олардың қазақ тіліндегі аудармасы берілген. Бұл туралы жинақты құрастырған М.Ғұмарова былай дейді: «Бұл кітаптың сыртында «қазақ тілінде» деген жазу болғанымен тілі қазіргі қазақ оқушыларына түсініксіздеу болып келеді, ескі түркі сөздері көп. Сондықтан болу керек, кітапты Қазақстан зерттеу қоғамы 1940 жылы қазақтың көрнекті ақыны Жақан Сыздықовқа (1901-1978) қазіргі қазақ тіліне түсірткен көрінеді. Қазақ ССР Ғылым академиясының М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының сұрауы бойынша Жақан Сыздықов 1968 жылы сол тексті қайта қарап жөндеді».
Сондықтан біз бұл екі мәтінді түпнұсқадағы күйінде жариялауды жөн көрдік.
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев жинаған «Көрұғлы сұлтан өлеңі» атты мәтін де араб әрпіндегі түпнұсқадан дайындалды. Аталған соңғы үш мәтін бірінші рет жарияланып отыр.
Томда қамтылған дастандардың түпнұсқалары қадім, төте жазуында, араб әрпінде кітап болып шыққан. Араб жазуында дауысты дыбыстардың жасырын тұратыны, бас әріптің болмайтындығы, тыныс белгілерінің қойылмайтындығы мәтіндерді дұрыс тануға едәуір қолбайлау болатыны белгілі. Сонымен қатар қазақ және араб тілдері әр түрлі тілдік жүйеге жататындықтан, араб әліпбиі тіліміздегі төл дыбыстарды таңбалауға да, оның өзіндік ерекшеліктерін байқатуға да дәрменсіз. Сондай-ақ ХІХ ғасырда араб жазуын пайдаланудың жалпыға ортақ ережелерінің болмауы да өз әсерін тигізбей қалмады.
Бұған қоса, төңкеріске дейінгі кезеңдегі халық әдебиеті үлгілерін жинап, көшірушілер және кітап етіп шығарушылар көбіне татар медреселерінде білім алғаны белгілі. Сондықтан болар, түпнұсқаларда кейбір қазақ сөздерінің өзгертіліп, татар тілінің жазу қағидалары бойынша жазылып кеткенін көруге болады. Сондай-ақ араб, парсы тілдерінен әлдеқашан еніп, төл сөздерімізге айналған біраз сөздер түпнұсқасы бойынша, мысалы: әуес-һауас, ауа-һауа, ақыл-ғақыл, перзент-фарзант т.б. болып жазылған. Мұндай жағдайдың бәрінде де, көбінесе, қазақ тілінің қалыптасқан жазу нормаларын сақтауға тырыстық. Сонымен бірге кейбір жағдайларда жыр ұйқасын бұзбау үшін түпнұсқалық формалар сақталды. Мәтіндерде араб, парсы және т.б. тілдерден енген сөздер де жиі кездеседі. Олар қазақ тіліне аударылып, томның соңында арнайы сөздікте топтастырылды. Ал көне түркі сөздеріне келсек, бұл топтағы сөздер қолжазбадағы жазылуы бойынша берілді. Мысалы: билән, бірлән; ерүшті; андан, андан соң; болұр; түрлік-түрлік; инану; тіріклік; деплер, дейлер, дерлер; болғандан соң, ішкенден соң; олтырған; дейүрлер, айтұр; үшбу; ерүр т.б. Демек, шығармалардың сөз қолданысы толық сақталды.
Сонымен қатар шығармаларды көшіруші, жинаушы, жариялаушылардың тарапынан кеткен кейбір қателер мағынасына сай түзетілді; сондай-ақ кейбір шумақтарда жекелеген сөздер мен жалғаулықтардың түсіп қалу фактілері кездеседі. Мұндай жағдайда қажетті сөздер тік жақшаға алынып берілді: [деп], [деді] т.б.
Серияның принциптеріне сәйкес, том ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшалар томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелерді және олардың табылған варианттары жөнінде мәліметтерді қамтиды. Сондай-ақ бұған сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кіреді.
Томның көлемі-33,5 б.т.
49-том. Батырлар жыры
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін жарияланған қырық жеті томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының он бес томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталған серияның 49-томы батырлар жырына арналды.
Бұл томға, негізінен, түркімен халқының ұлттық батыры, аты аңызға айналған Көрұғлының ерлікке толы өмірін баяндайтын бірнеше жыр нұсқасы енді. Олар: Әбділда Жүргенбаев, Ерғали Есенжолов, Әміреш Жұмағазин, Ертай Құлсариев, Асайын Хангелдин нұсқалары.
«Көрұғлы» эпосының сюжеті ХVІ-ХVІІ ғасырларда оңтүстік Әзірбайжанда болған халық көтерілісіне байланысты тарихи оқиғаларға негізделген. Сонымен қатар жырда аталған қозғалыстың көсемі ретінде дәріптеліп, халық батыр тұлғасында көрінетін Көрұғлы мен оның жолдастары Әуез, Сапабек, Мұстафа, Жығалы бек т.б. ерліктері кеңінен суреттеледі. Анығында түркімен эпосының аңыздық, мифтік үлесі басым. Орта ғасырларда Солтүстік Хорасан мен Оңтүстік Әзірбайжан арасын мекен еткен түркіменнің теке руының батыры жайындағы халық эпосының сюжеті көршілес әзірбайжан, армян, иран, грузин, түрік, татар, құмық, тәжік, өзбек, қарақалпақ, қазақ елдерінің фольклорына еніп, көптеген ұлттық версиялардың тууына негіз болғаны байқалады.
«Көрұғлы» эпосы қазақ арасына да ертеден мәлім, халық сүйіп тыңдаған таңдаулы батырлар жырының бірі. Кезінде бұл ғажайып фольклор туындысын маңғыстаулық Абыл жырау бастаған бір шоғыр талантты жыршы-ақындар қазақша жаңғыртып, сахара тыңдаушыларының құлақ құрышын қандырған.
Сондай-ақ «Көрұғлының» бірнеше нұсқасын Сыр сүлейлері де түрленте дамыта жырлағанын білеміз. Жиенбай, Оңғар, Баспан, Жәмет, Әбілда, Рахмет сынды таланттардың орындауындағы эпостың мәтінмен нотаға түсірілген жыр мақамы біздің заманымызға жетті. Ал «Көрұғлы» эпосын атақты Майкөт, Жамбыл, Құлмамбет сынды Жетісу жырау-жыршыларының да талай түндер бойы айтқаны туралы деректер бар.
Томға енген жыр нұсқаларының тілі-көркем, сюжеттері-қызық. Олардың мәтінінен қазақтың әр өңірінен шыққан жыршы-ақындардың эпикалық мектебіне тән стильдік қолтаңбалары, айту мәнерлері мен жергілікті тіл ерекшеліктері айқын сезіледі. Ұсынылып отырған «Көрұғлы» эпосының нұсқаларының көпшілігі бұрын-соңды жарияланбауы және зерттеу назарына ілінбеуі де аталған жырдың ғылыми құндылығын арттыра түседі.
«Бабалар сөзі» сериясының кезекті қырық тоғызыншы томы бұл көптомдықтың негізгі ұстанымдарына сәйкес, ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-26 б.т.
50-том. Батырлар жыры
«Бабалар сөзі» сериясының 50-томына «Қырымның қырық батыры» эпикалық топтамасының «Аңшыбай батыр және оның ұрпақтары» шежірелік циклына жататын «Аңшыбай», «Парпария», «Құттықия», «Едіге», «Нұрадын», «Мұса хан», «Орақ, Мамай», «Қарасай, Қази» жырлары және «Қарадөң батыр және оның ұрапақтары» шежірелік циклының «Қарадөң», «Жұбаныш», «Сүйініш», «Ер Бегіс», «Көгіс, Тегіс», «Тама», «Тана» жырлары енді. Бұл эпикалық туындыларға XIV-XVI ғасырлардың тарихи оқиғалары негіз болған.
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастыруда.
Серияның бұған дейін жарияланған қырық тоғыз томы ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының он жеті томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы-фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның 50-томы батырлар жырына, атап айтқанда, «Қырымның қырық батыры» эпикалық циклына арналды.
Мұрын жырау Сеңгірбекұлынан жазылып алынған «Қырымның қырық батыры» атты бас қаһармандары қырық бір батыр болып табылатын отыз бес жырдан құралған эпикалық жырлар циклы-әлем мәдениетінде маңызды орын алатын ерекше құбылыс. Бұл пікірдің дұрыстығына Қ.Сәтбаев, Н.Сауранбаев, Е.Ысмайылов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, С.Садырбаев, О.Нұрмағанбетова, М.Ғұмарова, С.Қасқабасов, Қ.Сыдиықұлы, Ш.Ыбыраев, С.Қондыбай және өзге де қазақ ғалымдарының зерттеулерімен қатар сыртқы жұрт өкілдерінің еңбектерін де оқи отырып анық көз жеткіземіз. Мысалы, 1944 жылы Ташкент қаласында өткен Орта Азия фольклоры туралы бүкілодақтық ғылыми конференция қаулысында бұл эпостың дүниежүзілік маңызы бар екені арнайы атап өтілді. Академиктер-В.М.Жирмунский мен Е.М.Мелетинскийдің іргелі ғылыми еңбектерінде де «Қырымның қырық батырының» танымдық, тарихи, рухани және көркемдік айрықша құндылығы жан-жақты ашып көрсетілген.
Ғылыми қауым мен жалпы оқырман осылайша аса ілтипатпен қарсы алған рухани мұраның жариялану арқылы жалпы көпшілікке таныстырылуы қыруар еңбек пен уақытты талап етері мәлім.
1963 жылы жарық көрген «Батырлар жыры» атты екі томдық жинақтың екінші томында «Манашыұлы Тұяқбай», «Ақжонасұлы Ер Кеңес» жырлары, 1964 жылы басылып шыққан «Батырлар жыры» атты кітапта «Қарадөң», «Жұбаныш», «Сүйініш», «Ер Бегіс», «Тегіс, Көгіс», «Тама» жырлары алғаш рет баспа бетін көрді Осы аталған жырлар «Ақсауыт» жинағының ІІ томына (1977) да енді.
«Қырымның қырық батыры» эпикалық топтамасын құрайтын отыз бес жырдың үлгілері «Қазақ халық әдебиеті» көптомдығының «Батырлар жыры» атты сериясының 5-томы (1989) және 6-томында (1990) басылды. Бұл жинақтарды құрастырып, ғылыми түсініктерін жазғандар- О.Нұрмағамбетова мен Қ.Сыдиықұлы. Ол уақыттағы жарияланымдардың барлығы цензураның қатаң сүзгісінен өтіп, үстем идеологиялық ұстанымдарға, коммунистік көзқарасқа сәйкес келгенде ғана көпшілікке ұсынылып отырғаны баршаға аян. Біз сөз етіп отырған жинақтарды баспаға дайындаушылар да сол талапқа бағынуға мәжбүр болды. Соның салдарынан жыр мәтіндерінің көптеген тұстары қысқартылған немесе өңделген. Оның үстіне екі нұсқа күйінде қағазға түсірілген «Аңшыбай батыр», «Қарасай, Қази», «Қарадөң батыр», «Жұбаныш» атты жыр нұсқаларының бір-біреулері ғана кітапқа кіргізілді. Қолдарыңыздағы кітапта эпостың түпнұсқасын өзгеріссіз оқырманға жеткізуге, барлық нұсқаларын беруге күш салдық.
«Қырымның қырық батырын» жыршының өзі «Аңшыбай батыр және оның ұрпақтары», «Қарадөң батыр және оның ұрпақтары» және «Жеке батырлар» деп аталатын үш салаға бөліп жырлағаны белгілі. Бұл томға алдыңғы аталған салаға жататын жырлар түгелдей және екінші салаға жататын эпикалық туындылардың «Шора», «Нәрік» жырларынан өзгелері енгізілді.
«Аңшыбай және оның ұрпақтары» атты шежірелік циклды құрайтын сегіз жырдың бас қаһармандары-Аңшыбай, Парпария, Құттықия, Едіге, Нұрадын, Мұса хан, Орақ, Мамай, Қарасай, Қази атты он батыр.
Бұл кейіпкерлердің алғашқысы тек Мұрыннан жазылып алынған жырларда және «Қарасай, Қази» жырының Маңғыстаудан табылған, белгісіз жыршыдан жазылып алынған нұсқасында, сонымен қатар ноғайдың «Эдиге» атты жырында ғана кездессе, Парпария деген есімді Мұрын жырау репертуарындағы жырлардан және жоғарыда аталған ноғай жырынан ғана ұшырастырамыз. Едігенің әкесі ретінде сөз болатын Құттықия және Едігенің шөбересі-Мұса туралы жеке жырлар тек осы циклда ғана бар. Едігенің ұлы-Нұрадын да жеке жырдың кейіпкері ретінде осы эпикалық топтамада және профессор А.В.Васильев жазып алған тағы бір қазақ жырында ғана көрінеді.
Мұрын айтқан «Едіге», «Орақ, Мамай» жырлары бұл жырдың өзге түркі халықтары мен қазақтар арасындағы нұсқаларынан өзіндік соны сипаттарымен дараланады.
Қазақтар арасында отыздан астам үлгісі сақталған «Қарасай, Қази» атты жыр өзге халықтарда кездеспейді. Бұл туындының Мұрын жырау нұсқасы қайталанбас айшықтарға толы.
«Қарадөң батыр және оның ұрпақтары» шежірелік циклына жататын «Қарадөң», «Жұбаныш», «Сүйініш», «Ер Бегіс» атты жырлардың бас қаһармандары өмірде болғандығынан, оқырман қауым осы жырлармен танысу барысында ғана хабардар болса, «Тама» жырында Жетіруға жататын рулардың бірінің атасы дәріптелетіні осы циклдың ең соңғы екі жырының бас кейіпкерлері Нәрік пен оның ұлы Шора екендігінен айқын аңғарылады. Ал Таманың әкесі Көгіс екенін осы эпикалық топтамадағы «Көгіс, Тегіс» жырымен қатар, «Қарасай, Қази» жырының Мұрыннан өзге жыршылар айтқан бірнеше нұсқасын және «Шора батыр» жырының татарлар арасынан жазып алынған үлгілерін оқи отырып, білеміз.
«Қырымның қырық батыры» эпопеясы осындай тосын мағлұматтарымен де, көркемдік деңгейінің жоғарылығымен де ерекшеленеді.
«Бабалар сөзі» сериясының кезекті елуінші томы бұл көптомдықтың негізгі ұстанымдарына сәйкес, ғылыми қосымшалармен толықтырылды.
Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі-29 б.т.