Балалар Ұлттық қордан 13,3 млн теңге алды: қаражат қайда жұмсалды

АСТАНА. KAZINFORM — «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз 13,34 млн АҚШ долларын нысаналы мақсатқа пайдаланды. 

Балалар Ұлттық қордан 13,3 млн теңге алды: қаражат қайда жұмсалды
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

— 2025 жылғы 1 маусымдағы деректерге сәйкес, барлығы 108 694 өтініш орындалып, 13,34 млн АҚШ доллары тиісті өтініш берушілердің банк шоттарына аударылды, — делінген БЖЗҚ хабарламасында.

Қаражат қайда бағытталды?

Тұрғын үй жағдайын жақсартуға — 7,95 млн АҚШ доллары (64 325 өтініш):
▪️ $7,77 млн — тұрғын үй құрылыс жинақ салымын толықтыру (62 749 өтініш)
▪️ $57,78 мың — ипотекалық тұрғын үй заемын алу үшін бастапқы жарна ретінде (496 өтініш)
▪️ $44,69 мың — азаматтық-құқықтық мәміле арқылы тұрғын үй сатып алу (407 өтініш)

Білім беру шығындарын өтеуге — 5,38 млн АҚШ доллары (44 369 өтініш):
▪️ $4,79 млн — Қазақстан аумағындағы оқу орындарының қызметтеріне төлем (39 065 өтініш)
▪️ $437,15 мың — білім беру жинақ салымын толықтыру (3 935 өтініш)
▪️ $122,91 мың — шетелдік оқу орындарында оқуға төлем (1 113 өтініш)

Еске саламыз, биыл еліміздің барлық балаларына Ұлттық қордан мақсатты қаражат кезекті рет бөлінді. Бұл жинақты толық немесе ішінара пайдалануға болады. Қолданылмаған сома Мақсатты жинақ шотында (МЖШ) сақталады.

Кәмелет жасына толған азаматтар өздерінің МЖШ-дағы қаражаты туралы мәліметті БЖЗҚ жеке кабинеті немесе eGov порталы арқылы қарап, кейін тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе білім алу мақсатында қаражатты пайдалану үшін уәкілетті операторға онлайн-өтініш бере алады.

Айта кетелік балалар Ұлттық қордан 13,3 млн теңге алған туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар