Балалар үйі тәрбиеленушілерінің есепшотынан ақша жымқырған кассир сотталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Талдықорғанда «Қазақстан халық банкі» филиалының бақылаушы-кассирі ағымдағы жылғы сәуірден маусым айына дейін «Айналайын» балалар үйінің бірнеше тәрбиеленушілерінің ағымдағы шоттарынан заңсыз шығын операцияларын жүргізген,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Талдықорған қалалық сотының үкімімен банк қызметкері ҚР Қылмыстық кодексінің 3 бөлімінің 176-бабының «б» тармағында көзделген қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан және үш жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айрылды. Ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейтін болады, белгіленген жаза оның баласы 14 жасқа толғанша кейінге қалдырылды.  

Соңғы жаңалықтар