10:47, 02 Маусым 2010 | GMT +5
Балалар үйіне прокуратура қызметкерлері де қолұшын созды - Батыс Қазақстан
ОРАЛ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының бастамасымен Зеленов ауданындағы Январцев балалар үйіне спорт құралдары табыс етілді.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, балалардың жазғы демалыста спортпен дендеп айналысуы үшін үстел теннисі, шахмат, дойбы және футбол, волейбол, баскетбол доптары берілді. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткен шараға Зеленов ауданы прокуратурасының қызметкерлері қатысты.
Аталмыш балалар үйін прокуратура органдары үнемі қамқорлыққа алып келеді.