Балалар үйінің түлектері мектеппен қоштасты (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Ғажайыптар əлемі» саябағында балалар үйінің түлектері үшін мерекелік шара ұйымдастырылды.
None
None

«День улыбки-2015» шарасын «АЯЛА» мен «ДАРА» қоры бірлесіп өткізді. 600-ге жуық бала Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының концертін тамашалап, мерекелік дастарханнан дəм татты. «Аяла» қорының вице-президенті Жангелді Сəрсенов ұзақ оқу жылынан шаршаған оқушылар үшін осындай мерекенің маңыздылығы жоғары екендігін айтты.

«День улыбки-2015» осымен сегізінші рет өтіп жатыр. Негізгі мақсаты халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында қоғамның назарын ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға аудару болып отыр», - деді «Дара» қорының директоры Мадина Бакиева.

Соңғы жаңалықтар