Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында өткен «Таң Шолпан» республикалық вокальдық конкурстың қорытындысы шығарылды
Конкурстың жабылу рәсіміне аймақта жұмыс сапарымен жүрген Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев қатысты. Ведомство басшысы бас жүлдегерлерге наградалар табыс етті.
Құрамына танымал мәдениет қайраткерлері кірген қазылар алқасы конкурстың бас жүлдесін шығысқазақстандық Владислав Лоскутовқа берді (кішкентайлар тобы). Конкурстың тағы екі бас наградасын қарағандылықтар: Зәуре Бейсембекова (үлкендер тобы) және «Аяла» вокальдық ансамблі иеленді.
Екі бірінші жүлдені Қостанай облысының өкілдері: Мария Дербенева (кішкентайлар тобы) және «Гүлдер» вокальдық ансамблі иеленді. Астаналық Милана Серікова да бірінші жүлдені жеңіп алды (үлкендер тобы).
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Конкурсқа қатысушыларға сондай-ақ, «Алтын дауыс», «Жеңіске деген талпынысы үшін» деген аталымдар бойынша арнайы сыйлықтар тағайындалды. Және көрермендер көзайымы да анықталды.
Білім және ғылым министрлігі, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ұйымдастырып отырған «Таң Шолпан» конкурсына Қазақстанның барлық түкпіріндегі балалар үйлерінің 250 тәрбиеленушісі қатысты. Конкурс жеке орындаушылардың, вокальдық ансамбльдердің және хорлардың арасында өтті.