Балаларды қорғау күні Алматыда қалай тойланады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — 1 маусым — Бүкіләлемдік балаларды қорғау күніне орай Алматыда бірқатар мәдени шара ұйымдастырылады. Балалар мерекесін тойлау 30 мамырдан басталады.

бала
Фото: Алматы әкімдігі

30 мамырда сағат 10:00–де № 6 кітапханада «Балалардың күлкісі әлемді әрлейді» суреттер байқауы өтеді;

Мемлекеттік қуыршақ театрында 31 мамырда сағат 11:00–де биыл тұсауы кесілген «Етік киген мысық» спектаклі көрсетіледі, содан кейін жас көрермендер «Үйшік» қойылымын 14:30–да қазақ тілінде және 16:00–де орыс тілінде көре алады.

1 маусым — Балаларды қорғау күні қаланың әр түкпірінде түрлі мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылады. 

бала
Фото: Алматы әкімдігі

Басты концерт Орталық мәдениет және демалыс саябағында сағат 11.00-де өтеді. Сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары, сондай-ақ балалар вокалдық және би ұжымдары өнер көрсетеді. 

Д.А.Қонаев атындағы музей үйінде сағат 11:00–де және 15:00–де «Менің музейім» атты экскурсиямен қатар квест-ойын өтеді.

Н. Тілендиев мемориалдық музейінде сағат 12:00–де «Балалық шаққа саяхат» атты ашық сабақ өткізу жоспарда;

Сонымен қатар, балаларды қорғау күні қаланың кейбір ауданында мынадай мерекелік шаралар өтеді:

— Алатау ауданында сағат 11:00–де Нұркент, 5/11 мекенжайында орналасқан Мультимедиалық дәстүрлі музыкалық орталығында балаларға арналған экскурсия ұйымдастырылады. 

— Әуезов ауданында сағат 11:00–де Family Park демалыс саябағында мерекелік концерт, сондай-ақ спорттық ойындар мен шығармашылық белсенділік өтеді.

— Алмалы ауданында сағат 11:00–ден 16:00–ге дейін Махатма Ганди саябағында Халықаралық байқаулар мен фестивальдар лауреаттарының және ауданның шығармашылық ұйымдарының ансамбльдерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. 

— Жетісу ауданында сағат 10:00–де Гүлдер саябағында Damu Bala бағдарламасының қатысушыларымен мерекелік концерт, сондай-ақ көрме, түрлі шеберлік дәрістері мен шахматтан турнир өтеді.

— Медеу ауданында сағат 13:00–де Орталық мәдениет және демалыс саябағында, сондай-ақ Алатау шағынауданында сағат 11:00–де ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт болады.

— Наурызбай ауданында сағат 18:00–де Шұғыла, 347 мекенжайындағы амфитеатр аумағында концерттік бағдарлама, қолөнер жәрмеңкесі және сурет көрмесі ұйымдастырылады.

— Түрксіб ауданында сағат 10:00–де С. Сейфуллин атындағы саябақта өнер ұжымдары мен ансамбльдердің қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді, сондай-ақ балаларға арналған түрлі квестер, шығармашылық шеберлік дәрістерімен спорттық ойындар болады.

Соңғы жаңалықтар