Балаларды ұру оқиғасы: Құқық қорғау органдары кінәліні жазалау үшін шара қабылдауға міндетті

АСТАНА. KAZINFORM – Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті соққыға жығылған оқушыларға қатысты пікір білдірді.

балалардыұ ұру
Фото: видеодан алынған кадр

«Астана қалалық білім басқармасының мәліметіне сәйкес, оқиға 2024 жылғы 4 ақпанда, сағат 14:57-де болған. Белгісіз адам пәтерден шығып, балаларды ұра бастаған. Кәмелетке толмағандардың бірінің әкесі болған жайтты біліп, дереу жедел жәрдем шақырған. Кәмелетке толмаған балалар ата-аналарымен бірге қалалық балалар ауруханасына жеткізіліп, үйлеріне сағат 19:40-та жіберілді», - деп атап өте комитеттен.

Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Осы сынды оқиғалар қоғамда үлкен алаңдаушылық тудырады. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық немесе қорқыту олардың қауіпсіздік, физикалық және эмоционалды әл-ауқат құқығын бұзады. Қоғам, үкімет және құқық қорғау органдары мұндай оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ кінәлілерді жазалауды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауға міндетті», - делінген таратылған ақпаратта.

Бұған дейін елордадағы тұрғын үйлердің бірінде балаларды соққыға жыққан жігіт ұсталғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар