12:57, 01 Маусым 2009 | GMT +5
Балаларды қорғау күніне ? 60 жыл
АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында "Біз – сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!" республикалық акциясы аясында «Қазақстан жазушылары – балаларға» атты мерекелік шара өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Балаларға арналған мерекелік шараны ҚР Білім және ғылым, Мәдениет және ақпарат министрліктері бірлесіп ұйымдастырып отыр. Оған жоғарыда аталған ведомстволардың өкілдері, Әкім Тарази, Бейсенбай Сүлейменов, Рақымжан Отарбаев, Әкім Ысқақ және басқа танымал жазушылар мен ақындар, балалар әдебиеті баспаларының өкілдері қатысты.«Бүгін елордада ерекше мереке ? балалар мерекесі, одан артық мереке де жоқ. Адамдар әлемінде қуанышты да, сұлулықты да сыйлайтын ? балалар. Олардың күлкісіне, ішкі әлеміне ештеңе жетпейді. Ал бүгін Астанаға жай балалар жиналып отырған жоқ. Бұлар - аймақтардан келген, болашақта ақын болсам, жазушы болсам, тілші болсам деп армандайтын балалар», - деп атап өтті жазушы Әкім Ысқақ.Мерекелік бағдарлама барысында 4 аталым бойынша «Таңғажайып әлем», «Шабыт», «Алтын қауырсын», «Сиқырлы әлем», «Сиқырлы әріптер» тақырыбында көрмелер ұйымдастырылды. Балалар мен мерекелік іс-шараның қатысушылары баспалар өкілдерінен сыйлықтар алып, әдеби шығармашылықта жетістіктері бар оқушылар дипломдармен марапатталды.