Балалардың мектепке қауіпсіз және ыңғайлы тасымалдануын қамтамасыз ету қажет - ҚР БҒМ

«Жаңа оқу жылының қарсаңында аталмыш акцияны ұйымдастыру аясында біз мектептері жоқ ауылдардағы балалардың білім алуға деген қолжетімділігі мәселесін шешу мақсатында, оқушыларды қауіпсіз әрі ыңғайлы тасымалдау шараларын ұйымдастыру ісіне назар аударғанды жөн көріп отырмыз», - деді М.Әбдікәрім. Оның мәліметінше, республикада мектептері жоқ 30 мың мектеп жасындағы оқушылары бар 1 626 елді мекен бар, деп хабарлайды primeminister.kz. «1 маусымға дейін 27 590 оқушының тасымалы ұйымдастырылды, олардың 24 мыңы күнделікті тасымалдаумен қамтамасыз етіліп, 3 мыңнан астам бала мектеп жанындағы лагерьлерде тұрып келді. Қалған балалар мектепке өздері келіп жүрді», - деп мәлімдеді бейінді ведомствоның өкілі. Төраға орынбасары балаларды мектепке қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етуге қолдау көрсетуге жергілікті атқарушы органдар қосылғанын айтып өтті. «Жаңа оқу жолында жол бала үшін қауіпсіз болуы үшін біз әкімдіктердің, жергілікті атқарушы органдардың, директорлардың назарын аудартамыз, олар мектеп жүргізушілерін рейс алдында медициналық тексеруді, автобустардың техникалық жарамдылығын тексеруді ұйымдастыра алатындай сенімді жүргізушілермен қамтамасыз етуі тиіс», - деп нақтылады ол.