Балалардың жолда жарақат алуына қандай әрекеттер жиі себеп болады

«Балалардың жол-көлік жарақаты мәселесіне жұртшылық назарын аудару үшін «Қауіпсіз мектеп автобусы», «Назар аударыңыз, балалар!», «Назар аударыңыз-жаяу жүргінші!», «Ата-аналар, балалардың өміріне қамқорлық жасаңыздар!», «Балалар, жолда абай болыңыздар!», «Сіздің жолаушыңыз-бала» деген сияқты түрлі профилактикалық іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Мәселен, 12-14 мамыр аралығында республика көлемінде «Назар аударыңыз - балалар!» атты ауқымды жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қатысуымен жол-көлік оқиғасына себеп болатын 16 мыңнан ереже бұзу әрекетінің жолы кесілді», - дейді комитет өкілі.
ІІМ-нің есми дерегіне сүйенсек, тіркелген 16 ежереже бұзу фактісінің құрылымын мынадай:
- қиылыстардан өту ережесін бұзудың 1223 фактісі;
- жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережесін бұзудың 1415 фактісі;
- балаларды тасымалдау ережесін бұзудың 1348 фактісі, оның ішіндебалаға арналған креслоларды пайдаланбаудың 485 оқиғасы;
- маршруттық көліктің тоқтау ережесін бұзған 507 фактісі тіркелген.