Балаларға қаржылық сауаттылықты үйрететін жаңа мультфильм жарық көрді

АСТАНА. KAZINFORM — Қаржылық мониторингі агенттігі «Заң және тәртіп» нормативі аясында қаржылық қауіпсіздік тақырыптарына арналған мультфильмдер циклын іске қосты. 

Балаларға қаржылық сауаттылықты үйрететін жаңа мультфильм жарық көрді
Фото: ҚМА

Бүгін Балаларды қорғау күніне орай, қалың көрермен арасында танымал «Қошқар мен Теке» мультфильмінің алғашқы сериясы жарыққа шықты.

Алғашқы серия қаржы пирамидалары тақырыбына арналады. Балалар сүйіп көретін кейіпкерлер көрермендерге алаяқтық схемаларды қалай анықтап, өздерін және жақындарын қаржылық алдаудан қалай қорғауға болатынын түсіндіреді.

— Мультфильмдер циклы балалар аудиториясына бағытталған және өсіп келе жатқан ұрпақтың қаржылық сауаттылығы мен құқықтық санасын қалыптастыруды мақсат етеді. Келесі бөлімдерде лудомания, дропперлер, интернет-алаяқтық, заңсыз микроқаржылық ұйымдардың қызметі сияқты маңызды тақырыптарды қозғайды, — делінген ҚМА хабарламасында. 

Айта кету керек, анимациялық туынды кәсіби мультипликаторлардың қолдауымен жасалды. 

Айта кетелік елде тұңғыш рет мультфильмдер қазақша сурдоаудармамен көрсетілетіні туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар