03:49, 16 Мамыр 2015 | GMT +5
Балаларға мектеп қабырғасында үздік білім беретін елдердің ТОП-10-дығы анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ең үздік мектеп білімін беретін елдер анықталды. Тізімдегі бірінші орынды Сингапур иеленді. Екінші орында - Гонконг. Ал Оңтүстік Корея рейтингте үшінші болып тұр. Бұл рейтингті Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жариялады, деп жазады 24.kz.

Оған негіз ретінде 70-тен аса елдегі 15 жастағы оқушылар математика мен өзге ғылыми пәндер бойынша тапсырған емтихандардың нәтижелері алынған.
Бір қызығы, алғашқы бестікте азиялық елдер көш бастап келеді. Ал рейтингтің ең соңғы орындарында - Оман, Марокко, Гондурас, ОАР және Гана.
Ең үздік мектеп білімін беретін елдердің ондығы:
1.Сингапур
2.Гонконг
3.ОңтүстікКорея
4.Жапония
5.Тайвань
6.Финляндия
7.Эстония
8.Швейцария
9.Нидерланд
10. Канада