Балаларға неліктен екпе жасау керек
Қарағанды облысында соңғы бір жылда өз балаларына екпе жасатудан бас тартатын ата-аналар саны артып кетті. Мысалы, 2016-ш жылы БЦЖ екпесінен бас тартқандар пайызы 1,7 болса, Осы жылдың соңғы 9 ай аралығынң өзінде ол көрсеткіш 1,9-ға өсіп кетті. Дәрігерлердің пікірінше, ата-аналардың вакцинадан бас тартуына мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылатын жалған өсектер әсер етеді.
Вакцина дегеніміз не?
Инфекциялық ауруларға қарсы иммунитет құру үшін қажетті дәрмек. Оның құрамына әлсіздендірілген немесе өлтірілген микроағзалар немесе олардың ауру шақыруға қауқары жоқ тіршілік әрекетінің өнімдері кіреді.
Вакцина қалай әсер етеді?
Вакцинаны ағзаға еккенде, иммундық жүйенің жұмыс механизмі іске қосылады. Ол кезде дәрмектің құрамына енетін микроағзаларға қарсы денелер шығарыла бастайды. Сонан соң иммундық жүйеде былайша айтқанда «бастан өткен инфекциялар туралы жасушалар» құрыла бастайды. Бұл жасушалар вакцинаның құрамындағы микроағзалардың түріне байланысты әр түрлі мерзімге дейін өміршенді болып келеді. Міне, сондықтан түрлі ауруларға қарсы екпелерді түрлі уақытта жасайды.
Қазіргі заманғы вакциналардың құрамында алюминий мен сынап бар ма?
Иә. Алюминий тұзы вакциналарда иммундық жауапты күшейту үшін пайдаланылады. Бірінші жылы бала барлық қажетте екпелерді алған болса, 0,4 мг алюминий алады. Салыстырар болсақ, осы уақыт аралығында бала анасының сүтінен 10 мг немесе қолдан қоректендіруде болса 40 мг алюминий алады. Егер нәрестені соядан жасалған қоспамен тамақтандырса, оның ағзасына жылына 120 мг осындай заттек келіп түседі.
Қазіргі заманғы вакциналарда пайдаланылатын сынап тимеросалы ағзаға қауәпсәз консервант болып табылады.
Балаларға егілетін екпелер тым көп емес пе?
ДДҰ мәліметтеріне сүйенер болсақ, бір ғана индивид денсаулығына еш қиян келтірместен бір мезетте 105 вакцинаға жауап бере алады. Алдын алу екпелерінің ұлттық күнтізбесі белгілі бір инфекцияны жұқтыру қаупі анағұрлым жоғары болған мезгілдерге шақталып құрастырылған.
Неліктен екпелер нәресте кезде маңызды?
Дүниеге келгеннен соң бір күн ішінде салынған БЦЖ вакцинасы баланы туберкулездік менингит және көптеген оқшаулары бар милиарлық туберкулез секілді аурулардан сақтап қала алады. Бұл дерттерді емдеу өте ұзақ уақытты қажет етеді және жанама әсерлерге ие. Бұл вакцинаны ересек адамға ексе, ол ондай күшті әсер бермейді. Сонымен қатар В гепатитіне қарсы вакцина да баланың дүниеге келгеннен бірінші күні салынса бұл дерттен аман алым қалады. Айта кету керек, 95% жағдайда гепатиттің бұл түрін емдейтін дәрі болмайды. Дәрігерлер тек қолдау терапиясын ғана жүргізе алады.
Қарағанды облысында вакцинация баланы мүгедектікке немесе қайғылы оқиғаға апарған жағдайлар болды ма?
Қарағанды облысы бойынша вакцинация салдарынан пайда болған ең күрделі зардап - лимфалық түйіннің ісуі болып таблады. Мұндай жағдайда егер дәрілік емдеу нәтиже бермесе, лимфалық түйін алып тасталады. Көбінесе мұндай жағдайлар вакцинаның құрамына емес, баланың иммундық жүйесінің ерекшелігіне байланысты екені анықталды.
Қарағанды облысында вакцинациядан бас тартқан жағдайда баланың мүгедек болып қалғаны немесе қайтыс болған жағдайы тіркелді ме?
Иә. Тек осы жылы ғана Қарағанды облысында ата-аналары БЦЖ екпесінен бас тартқан балалардың туберкулез жұқтырған 3 оқиғасы тіркелді.
2014-ші жылы ата-анасы БЦЖ вакцинасын егуге келісімін бермеген бір жас сегіз ай болған бала туберкулез жұқтырған. Нәтижесінде бала менингоэнцефалиттің (ми қабығының қабынуы) салдарынан көру және есту қабілетінен айырылды. 2016-шы жылы вакцина салмаған бір бала қайтыс болып, бір бала мүгедек болып қалды. 2015-ші жылы 3 бала кемтар болып қалды. 2012-ші жылы БЦЖ екпесінен бас тартудың салдарынан екі бала көз жұмды.
Балаға вакцинация жасаудан бас тарту қандай жайттарға алып келеді?
Бүгінгі таңда алдын алу екпелерінің ұлттық күнтізбесіне полиомиелит, көк жөтел, сіреспе, қызылша және басқа да дерттерден сақтайтын вакциналар кіреді. Екпеден бас тарту баланың осы аурулардың бірін жұқтыруына алып келеді. Полиомиелитті жұқтыру кезінде 200 оқиғаның бірінде аяқтың сал ауруына әкеп соғуы мүмкін. Полиомиелиттің салдарынан аяғы тартылып қалғандардың 5-10%-ы біртіндеп тыныс алу жолдары бұлшықеттерінің тартылуынан көз жұмады. Полиомиелит су, ауа-тамшылар арқылы, сондай-ақ жұқтырған адамның тіршілік өнімдерінен жұғуы мүмкін.
Көк жөтел жұқтырған балаларда өкпе қабынуы дамып, энцефалопатия (бас миының зақымдануы), тырыспа пайда болады. Көк жөтелдің асқынуы қайғылы оқиғаға әкеп соғуы мүмкін. Бұл дерттен қайтыс болу оқиғалары көбінесе бала бір жасқа толғанша болады.
Қазақстанда қандай дерттен және қай жаста тегін екпе алуға болады?
Дүниеге келген соң 1-4 күн аралығында туберкулез (БЦЖ) бен В гепатитінен екпе жасайды.
Бала екі айға толғанда гепатит, полиомиелит, көк жөтел, дифтерия және сіреспеден (АКДС) жәнеде b типтес гемофильді инфекциядан, сонымен қатар пневмококк инфекциясынан қорғайтын кешендік екпе жасалады.
Үш айында нәрестеге көк жөтел, дифтерия және сіреспе (АКДС), полиомиелит және b типтес гемофильді инфекциядан вакцина жасалады.
Бір жасқа дейін жасалатын соңғы екпелер 4 айда - вакцинацияның үшінші кезеңінде гепатиттен, полиомиелиттен, b типтес гемофильді инфекциядан және көк жөтел, дифтерия мен сіреспеден, сондай-ақ пневмококк инфекциясынан екпе жасалады.
12-15 айында балалар қызылша, қызамық және паротиттен екпе алады. Сонымен қатар полиомиелит пен пневмококк инфекциясынан вакцинациядан өтеді;
1,5 жаста - АКДС ревакцинациясы, полиомиелит пен b типтес гемофильді инфекциядан екпе. Жәнеде мектеп жасында тағы бірнеше екпелер жасалады:
6 жаста (бірінші сыныпта) тағы да БЦЖ жасалады, қызылша, қызамықтан және паротиттен екпе егіліп, АКДС салынады;
16 жаста - сіреспе мен дифтериядан (АДС-м) екпе жасалады, жәнеде ол вакцинация әрбір 10 жыл сайын қайталанып отыруы тиіс.