Балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсету стандарты бекітілді

АСТАНА. KAZINFORM — Денсаулық сақтау министрлігі Омбудсменнің ұсынымдарын қабылдап, балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсету стандартын бекітті. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсету стандарты бекітілді
Фото: Pixabay.com

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасында балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілді.

Балаларға сапалы паллиативтік көмектің қолжетімділігін жетілдіру және кеңейту қажеттілігі Денсаулық сақтау министрлігіне 2024 жылдың қазан айында Омбудсменнің арнайы ұсынысында белгіленген болатын.

— Паллиативтік көмек емделмейтін ауруға шалдыққан балалардың азаптарын жеңілдетіп, өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар әрбір адамның лайықты өмір сүруге және адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне деген іргелі құқығы болып табылады, бұл Қазақстан ратификациялаған негізгі халықаралық құжаттарда, соның ішінде Бала құқықтары туралы конвенцияда бекітілген, — делінген ДСМ хабарламасында.

Әрбір бала денсаулық жағдайына қарамастан, оның жеке қажеттіліктеріне сәйкес келетін медициналық көмекке қол жеткізуге құқылы. Ал паллиативтік көмек жағдайында медициналық қамтамасыз ету құқығы балаға да, оның отбасына да физикалық ғана емес, эмоционалдық сипаттағы қолдау көрсетуді білдіреді.

Айта кетелік келер жылдан бастап медициналық көмек пакеттері қалай өзгеретіні туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар