Балаларын терезеден лақтырған павлодарлық ана ауруханадан шықты

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Дәрігерлер оған ота жасап, остеосинтез жүргізген. Әйел адам қазіргі уақытта денсаулығына байланысты мамандандырылған мекемеге ауыстырылды.

аурухана
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Павлодардағы № 1 қалалық ауруханада ем қабылдаған әйел адам үйіне шығарылды. Дәрігерлер оның жағдайы қанағаттанарлық екенін айтады.

— Біздің қызметкерлер науқасқа екі өкше сүйегінің остеосинтезі, сол және оң жақ иық сүйектерінің остеосинтезі операцияларын жүргізді. Ауруханадан жағдайы жақсы жағдайда шықты. Денсаулық жағдайына байланысты одан әрі бақылау үшін мамандандырылған мекемеге ауыстырылды, — деп хабарлады № 1 аурухананың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, 30 шілде күні Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, өзі де секіріп кеткен. 

Кейін әйел мен екі баласының терезеден құлауы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ал 1 тамыз күні биіктіктен құлаған балалардың бірі көз жұмды. 

Дәрігерлер тірі қалған жеткіншектің жағдайы туралы айтқан. 

Жақында жеткіншек ауруханадан шыққаны туралы да хабарлаған болатынбыз. 

Зардап шеккен бала қазіргі күні Екібастұзға қарасты ауылдардың бірінде тұрып жатыр.

Соңғы жаңалықтар