00:33, 15 Наурыз 2016 | GMT +5
Балаларын көтеріп, өзенді кешіп өткен жүздеген босқын Македония жеріне аяқ басты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жүздеген босқын Грекиядан Македония жеріне өтті, деп хабарлайды Би-би-си.

Олар тікенек сыммен қоршалған шекараның осал тұсын тапқан. Нақтырақ айтсақ, босқындар Македония шекарасына таяу маңдағы өзеннен балаларын қолына көтері, кешіп өткен.
Дүйсенбі күні мыңдаған босқын Идомени ауылындағы лагерьді тастап шыққан. Толассыз жауған жауынға байланысты ол жердегі жағдай қиындап, қолайсыздықтар туындаған көрінеді.
Қазіргі сәтте Идомени лагерінде 14 мыңнан астам адам бар.
Наурыз айының басында Македония билігі босқындар үшін шекараны жауып тасаған болатын.