16:32, 24 Қазан 2014 | GMT +5
«Балалық шаққа саяхат» әдеби кеші өтті - ОҚО
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 қазан күні Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында белгілі қазақ жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Балалық шаққа саяхат» атты әдеби кеш өтті.

Б.Соқпақбаев балаларға арнап көптеген шығармалар жазған қаламгер. Жазушының «Балалық шаққа саяхат» атты туындысында жетім баланың арман тілегі, жетілу жолы, мінез-құлқының қалыптасуы, өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы қазақ халқының қиын-қыстау тағдыры суреттеледі.
Іс-шараға 4-6 сынып оқушылары мен кітапхана қызметкерлері және мектеп мұғалімдері қатысты. Шара барысында «Халқы сүйген қаламгер» атты кітап көрмесі ашылды, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен.