«Балама автобусты жуғызды»: Тексеру кезінде ақпарат расталмады
АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Құқық қорғау органдары мен тасымалдаушы бірге тексеру жүргізді. Нәтижесінде ақпарат расталмады.
«Автопарк» ЖШС директоры Ақарыс Тілеулесов «балама автобустың еденін жуғызды» деген ақпараттан соң тексеру жүргізілгенін, алайда оның расталмағанын айтып, мәлімдеме жасады.
— Ішкі тәртіппен тексеру кезінде ешқандай жағдай анықталмады. Арызданушы құқық қорғау органдарына шағым түсірген. Құқық қорғау органдарына қажетті мәліметтер берілді. «Автопарк» ЖШС-і 20 жылдан астам уақыттан бері қызмет көрсетіп келеді. Күнделікті нұсқаулық беріледі. Жасөспірімдердің жолақысы болмай қалса, бітсе жеткізіп, ескертумен шектелуді айтамыз, - деді «Автопарк» ЖШС директоры Ақарыс Тілеулесов.
Айта кетейік, тексеру жұмыстарына полиция, тасымалдаушы компания мен Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қатысты.
— Ақтөбе облыстық ПД кәмелет жасқа толмаған баланың арызы бойынша тексеру жұмысын жүргізді. Тексеру кезінде ақпарат расталмады, - деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, ақтөбелік тұрғын жолақысы болмай қалған балаға автобус жүргізушісінің еденін жуғызғанын айтып, полицияға шағым түсірді.