17:44, 04 Қазан 2025 | GMT +5
Баланы Атбасардан Көкшетауға санавиациямен жеткізді
АСТАНА. KAZINFORM – ТЖМ «Қазавиақұтқару» әуе бөлімінің ұшқыштары санитарлық авиация дәрігерлерімен бірлесіп, ауруы шұғыл медициналық араласуды қажет еткен 2017 жылы туған пациентті Ақмола облысы Атбасар қаласынан Көкшетау қаласындағы медициналық мекемеге шұғыл түрде жеткізді.

Дәрігерлердің кәсібилігі, экипаждың ұқыпты жұмысы және борттың техникалық дайындығының арқасында пациент тар мамандардың білікті медициналық көмегін алу үшін облыс орталығына аман-есен жеткізілді.
ТЖМ ұшқыштарының жұмысы қысқа мерзімде өмірді құтқаруды қамтамасыз ете отырып, жедел жәрдем жүйесіндегі маңызды буын болып қала бермек.
Айта кетелік шетелден санавиациямен елге қанша адам жеткізілгені туралы жазған едік.