Баланың тілін қалай дамытуға болады?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық ғалымдар классикалық музыка баланың тілін дамытуға көмектесетінін мәлімдеді. Мамандар бұндай мәлімдемені 9 айлық 39 баламен жүргізген зерттеуінен соң жариялады, деп жазады massaget.kz.
None
None

Бүлдіршіндер екі топқа бөлінді: 20-сы тәжірибелік топқа, 19-ы бақылау тобына кірді. Тәжірибелік топ 15 минуттан музыка пәнінен 12 сабақ алды. Ал келесі топ танымдық сабақтарға қатысты, бірақ ешқандай музыка тыңдамады. Тәжірибелік топтағы балалардың ми белсенділігі бақылау тобындағыларға қарағанда анағұрлым жоғары болып шықты.

Тәжірибелік топтың бүлдіршіндері музыка ырғағының ритміне және сөзіне, ондағы өзгерістерге аса мән берді. Сондықтан да мамандар музыканың тілді дамытуға септігі тиеді деген қорытынды жасады.

Соңғы жаңалықтар