«Балапанға» бөлінген мемлекеттің 10 млн. теңге қаржысын жымқырған балабақша құрылтайшысы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті бірқатар жемқорлық құқық бұзушылықты анықтап, бірнеше лауазымды тұлғаны ұстады, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
None
None

Атап айтқанда, «Айсана ана» және «Жас шуақ» балабақшаларының құрылтайшысы әрі меңгеруішсі А.Биболов балабақша тәрбиеленушілерінің жалған тізімін жасау арқылы «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген бюджет қаржысының 10 млн. теңгесін ұрлаған. Қазіргі уақытта ол Мақтаарал аудандық ІІБ-нің уақытша оқшаулағышына қамалды.

Мұнан бөлек, А.Қастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан өнер және дизайн колледжінің директоры А.Ниязов педагогикалық жүктемені арттыру және талапкерді колледжге түсіру үшін оқытушыдан 200 мың теңге көлемде пара алған.

А.Ниязов Шымкент қалалық ІІБ-нің уақытша оқшаулағышына қамалды.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде 

Соңғы жаңалықтар