Баласын жамбасы ойылғанша бесікте жатқызған әке 2 жылын темір тордың ар жағында өткізуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда жамбасы ойылғанша бесікте жатқан баланың әкесі сот алдында жауап беруде.
None
None

Маңғыстау облысында 40 градус ыстықта, күннің астында тірідей шыжғырылып жатқан Бекнұрды Басқұдық ауылының тұрғындары кездейсоқ көріп қалған. Сөйтіп тиісті органдарға хабар берген. Сол баланың әкесіне енді ата-аналық міндетін дұрыс атқармады деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды КТК .

Бір жарым жастағы баланы ата-әжесі, аға-апасы бесікке таңып тастап, қараусыз қалдырған. Бастапқыда Бекнұрды өлімші халге түсірген әжесі де қылмыстық жауапқа тартылады делінген. Кейін айыпталушы орындығында әкесі ғана қалды. 31 жастағы жігітке ата-аналық міндетін дұрыс атқармады деген айып тағылып отыр.

Бекнұрдың ауыр халін ауылдастары кездейсоқ көрген. Сөйтіп тиісті органға хабарлапты. Ал, дәрігерлер баланың ауруханаға өте ауыр халде түскенін айтады. Жата-жата жамбасы ойылып, іріңдеп кеткен. Бекнұр сол кезде бір жарым жаста болса да қимылдай алмады. Бала ылғи аш жатқандықтан қаны да азайып кеткен.

Бекнұр бүгінде тамақты тойып жеуге тырысады. Ауруханада бір ай емдеген соң балалар үйіне ауыстырған. Бүгінде әл жинап, тісі шыға бастапты.

Маңғыстау облыстық балалар үйінің директоры Светлана Жұбантұрлиеваның айтуынша, қазір ол өздігінен жайлап тұра алады, жүріп кетуге де жақын. Тамақты жақсы жейді. Ұйқысы тыныш.

Соңғы жаңалықтар