«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында оқушылар арасында өткізіліп жатқан 51-ші Халықаралық математикалық олимпиаданың бірінші туры аяқталды

ЩУЧИНСК. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Ақмола облысындағы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында (РОСО) оқушылар арасында өткізіліп жатқан 51-ші Халықаралық математикалық олимпиаданың бірінші туры аяқталды.
Емтихан қабылдаушылардың бірі - Алматы қалалық физика-математикалық мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Архат Долаевтың ойынша, барлық қатысушылар тапсырмаларды орындай алды.
«Нәтижелері екі күннен кейін белгілі болады. Бүгін кешке қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын жинап алып, делегация үйлестірушілеріне табыс етеді. Екі күн ішінде үйлестіру шаралары - бағаларды салыстыру жүзеге асырылады. Осыдан кейін кесімді бағалар қойылады. Әрине, емтихан қабылдаушылар өз бағаларын, ал топ жетекшілері - өз оқушыларын қорғауға құқылы», - деді А.Долаев.
Ғалымның айтуынша, олимпиадаға қатысушыларға ұсынылған тапсырмалар өте күрделі әрі мықтап дайындалған оқушыларға бейімделіп жасалған. Әр қатысушы математиканың әртүрлі саласына қатысты үш есепті шығаруы тиіс. Оларды қатарында - геометрия, сандар теориясы, комбинацияьлық есептер және тағы басқалары бар.