«Балдәурен» сауықтыру орталығында «Креатив-Ревю 2016» фестивалінің қорытындысы шығарылады

«Фестивальге балалар сауықтыру лагерлерінің студенттік педагогикалық жасақтары, Қазақстанның барлық аймақтарынан жоғары және орта-арнаулы оқу орындарының қалыптасқан педагогикалық жасақтары қатысуда», - деп атап өтілген «Балдәурен» орталығының хабарламасында.
Фестиваль міндеттеріне тоқталатын болсақ, онда студенттік педагогикалық жасақтардың жетістіктерін насихаттау, педагогикалық жасақтардың арасында кәсіби және мәдени байланыстарды нығайту, қатысушылардың арасында ең үздік педагогикалық жасақтарды анықтау және қолдау беру басымдықтары қамтылған. Сонымен қатар, шара барысында шеберлік-сыныптар, фестиваль қатысушылары жетістіктерінің көрмесі, «Би марафоны» байқауы өткізілуде.
Байқаудың қорытындысы бойынша дипломдармен, грамоталармен, арнайы сыйлықтармен марапаттау қарастырылған.
«Би марафонының» қорытындысы мен жеңімпаздарды марапаттау «Балдәурен» РОСО концерт залында 3 сәуірде сағат 17.00 өткізіледі.