Балидегі су тасқынынан қаза тапқандар саны 19 адамға жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Туристер көп келетін Бали аралында бірнеше күн бойы толассыз жауған жаңбырдан болған су тасқынынан кемінде 19 адам қаза тапты, деп хабарлайды Xinhua ақпарат агенттігі. 

Балидегі су тасқынынан қаза тапқандар саны 19 адамға жетті
Фото: Xinhua

Одан бөлек табиғи апаттан 10 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Қазіргі кезде іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Су тасқыны үйлер мен ауылшаруашылық алқаптарын зақымдап, тұрғындарды биік жерге көшіруге мәжбүр етті. Индонезияның метеорология, климатология және геофизика агенттігі қатты жауынның апта бойы жалғасатынын ескертті.

Бұл елдегі жаңбырлы маусым әдетте қарашадан сәуірге дейін созылады. Алайда кейінгі жылдары климаттың өзгеруіне байланысты маусым мерзімі ұзара бастады. 

Бұған дейін Пәкістанның Пенджаб провинциясында су тасқыны қаупіне байланысты 25 мың адам эвакуацияланғанын жазған болатынбыз. 

Еліміздің өңірлерінде су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатқанын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.

Соңғы жаңалықтар