Балиева депутаттардан Бала құқықтары жөніндегі заң әзірлеуді өтінді

«Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтын толыққанды бюджеттеу мәселесін шешу қажет. Париж ұстанымдары (адам құқықтарын ынталандыру және қорғаумен айналысатын ұлттық мекемелердің мәртебесіне қатысты ұстанымдар) ұлттық мекеменің қызметін үздіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін инфрақұрылымға, оның ішінде жеткілікті қаржыландыруға ие болуы керектігін талап етеді. Мұндай қаржыландыру мақсаты ұлттық мекемеге Үкіметтен тәуелсіз әрекет етуі үшін өз қызметкерлері, өзі орын-жайы болуы мүмкіндігін беруге негізделген», - деді Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Мәжіліс депутаттары алдында өткен жылдың ішінде атқарған қызметтер жайында баяндай келе.
Оның айтуынша, бүгінде бала құқықтарының мәртебесі «ҚР Бала құқықтары туралы» Заңда айқындалған. Ал Париж ұстанымдарына сәйкес ұлттық құқық қорғау мекемесіне конституциялық және заңнамалық актілерден туындайтын барынша кең уәкілдік берілген.
«Осыған байланысты Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі туралы арнайы дербес заң әзірлеу мәселесі логикалық әрі кезең-кезеңдік қадам бола алады. Онда оның өкілеттігі нақты жазылады. Әлемдік жүйеде мұндай тәжірибе кең тараған және тәуелсіз құқық қорғау мекемесінің барынша жоғары стандарты ретінде мойындалады», - деді ол.
Зағипа Балиеваның айтуынша, шетелдік серіктестер еліміздегі бала құқықтарын қорғау ісіне жоғары баға беруде.
«Мемлекет басшысы Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдігіне қаншалықты сенім артатындығын білмеймін. Бірақ, менен кейін бұл лауазымға кім келсе де ұйымдасқан институтқа тап болады. Мен қоғамдық бастамалар негізінде жұмыс істеймін. Еріктілермен ҮЕҰ-ларға ришалығымды білдіремін. Өйткені, жалғыз өзімнің шамам жетпес еді. Бүгінгі күні көмектесіп келе жатқан Парламентке де ризамын. Егер мен депутат емес, қоғамдық бастамалар негізінде уәкіл болсам, онда қиындық тудырар еді. Сондықтан болашақ Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің жағдайын ойлап отырмын. Бізге Париж ұстанымдарын сақтау қажет. Бұл институт тәуелсіз және қаржылай қамтамасыз етілген болуы тиіс», - деп түйіндеді сөзін Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі.