Балқаш көлінде жоғалып кеткен 5 балықшы аман қалып, 2 балықшының денесі екі күннен соң табылды - ТЖМ

Ал екі балықшының денесін төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері екі күннен соң тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Қарағанды облысының Ақтоғай ауданына қарасты Сарышаған ауылында қаңтардың 10-ы күні сағат 18-30-дар шамасында 1985 жылғы М.Отульшин, 1982 жылғы Д.Жанпилов, 1987 жылғы А.Әбдрахманов, 1983 жылғы С.Әбдрашилов, 1973 жылғы М.Әбдірахманов, 1990 жылғы А.Әлмұратов және 1986 жылы туылған Н.Красноперовтың жоғалып кеткендігі жөнінде мәлімет келіп түскен. Жоғалып кеткен балықшылардың 5-еуі мұздың үстіне шығып, аман қалған. Ал А.Әлмұратов пен Н.Красноперовтың денелерін төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері қаңтардың 12-сі күні 12 сағат 20 минуттар шамасында тапты.