Балқаш көліне суға кеткен балықшының мәйіті табылды

ҚАРАҒАНДЫ. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Балқаш судан құтқару қызметінің сүңгуірлері бүгін Балқаш көліне суға кеткен балықшының мәйітін тапты,
None
None

деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Мерт болған ер адамның мәйіті судан шығарылды, іздеу-құтқару операциясы аяқталды.

Бұған дейін хабарланғанындай, кеше Балқаш көлінде балық аулау кезінде төрт адам мінген «Фольксваген» автомәшинесі мұз ойылып, суға батып кеткен болатын. Олардың екеуіне ажал шеңгелінен құтылудың сәті түсті. Одан кейін олардың мерт болған біреуінің мүрдесі табылып, судан шығарылады. Суға кетіп опат болған екіншісін іздеу кеше қас қарайғанға дейін жүргізілді және бүгін түстен кейін ғана аяқталды.

Соңғы жаңалықтар