Балқаш көлінде демалыс төтенше жағдайға ұласты

БАЛҚАШ. KAZINFORM — Балқаш көліндегі демалыс бір топ турист үшін қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады. Катермен серуендеу кезінде екі қыз суға түсіп кеткен. Олардың бірі есінен танып қалса, екіншісі жарақат алды.

Балқаш көлінде демалыс төтенше жағдайға ұласты
Фото: Видеодан алынған кадр

Куәгерлердің айтуынша, оқиғаның себебі — жолаушылардың бірі жүзе алмайтынын ескерткеніне қарамастан, катер жүргізушісі бұрылып, қауіпті жағдай тудырған. 

Зардап шеккендер полицияға жүгінген. Қыздардың біріне кейін пневмония диагнозы қойылды.
Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, 8 тамызда Астананың 24 жастағы тұрғыны қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша арыз берген. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды, барлық қатысушылар анықталып, тергеу жүргізген.

Балқаш көлінде демалыс төтенше жағдайға ұласты
Фото: instagram.com/policeofkaraganda/

— Оқиғаның мән-жайын, құқық бұзушылыққа себеп болған жағдайлар мен себептерді анықтауға, сондай-ақ кінәлілерді заң аясында қатаң жауапкершілікке тартуға бағытталған толық көлемдегі тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қарағанды облысы полиция департаменті мұндай азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін құқық бұзушылықтар қатаң тоқтатылатынын атап өтеді. Кінәлілер тиісті жазасын алады, — делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін Алакөл көлінде, жағадан шамамен 200-250 метр қашықтықта, катер су бетінде жүзіп жүрген әйелді қағып кеткені хабарланған еді. Жарақат салдарынан ол көз жұмды. 

Соңғы жаңалықтар