Балқаш көлінде төрт балықшыны ағыс алып кетті

АСТАНА. KAZINFORM – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы Балқаш көлінде қиын жағдайға тап болған 4 балықшы құтқарылды.

Балықшы
Фото: Polisia.kz

Олар қайықпен жүзіп, өз бетімен жағаға шыға алмай қалған.

«Құтқарушылар 30 минуттың ішінде қайықтағы балықшыларды тауып, жағаға шығарды. Балықшылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, оларға медициналық көмек қажет емес», - делінген Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Бұқтырмада қайықпен жағаға жете алмай қалған балықшыларға құтқарушылар көмекке келген еді.

Ал, Маңғыстауда құтқарушылар биыл сәуір айының басында Түпқараған ауданының аумағында теңізде жоғалып кеткен балықшылардың бірінің денесі тапқан болатын.

 

Соңғы жаңалықтар