Балқаш көлінде жоғалып кеткен балықшылар табылды

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – ТЖМ құтқарушылары Балқаш көлінде жоғалған балықшыларды тапты.

балықшылар
Фото: ТЖМ

«Балқаш көлі Орлинка түбегі ауданында Қарағанды және Алматы облысының құтқарушылары 1980 және 1999 жылы туған екі балықшыны іздестіру жұмыстарын жүргізді. Ер адамдар 21 қарашада түнде қайықпен балық аулау кезінде бағдарын жоғалтып, адасып кеткен.

Бүгін Қарағанды облысының құтқарушылары жоғалған балықшыларды тауып, сонымен қатар екі жануарды да құтқарды. Оларға медициналық көмек керек болмады», — деп жазды ведомствоның баспасөз қызметінен.

ТЖМ барлық азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Айта кетейік, бұған дейін ШҚО ТЖД мамандары балық аулауды ұнататындарға, су айдынына барар алдында ауа райы болжамымен алдын ала танысып, маусым бойынша киініп, ұялы телефон теңгерімін толтыру, сондай-ақ батарея қуатын тексеру қажет екенін еске салды.

Соңғы жаңалықтар