Балқаш тұрғыны итінің күшіктерін 5-қабаттан лақтырып жіберді
Сейфуллин көшесінде тұратын тұрғынның иті жеті күшік туған. Тұрғындардың айтуынша, олардың біреуін иесі өзіне қалдырып, қалған алтауын биіктіктен лақтырып, өлтірмекші болған. Оқиғаны аулада жүрген жеткіншектер көріп, ата-анасына айтып келген.
«Біз дереу төменге түсіп, өліп жатқан күшіктерді көріп қорқып кеттік. Төрт күшік өлген, қалған екеуі солардың үстіне құлағандықтан, аман қалыпты. Біз оларды алып кетіп, жарақат алған жерлерін емдеп жатырмыз», - деді көршілер.
Жануарларды қорғау бірлестігінің еріктілері мен полицияның учаскелік инспекторы күшіктер лақтырылған бесінші қабаттағы пәтерге көтерлді. Алайда, үй иесі есікті ашпай қойған.
Бұған дейін осыған ұқсас оқиға Қарағандыда да болған еді. Ер адам өз үйінің ауласында итін күрекпен ұрған. Қан-жоса болған итті еріктілер құтқарып қалған. Қатты соққыдан жәбірленген иттің фотосы мен видеосы әлеуметтік желілерде жарияланған болатын.