Балқаш тұрғыны қамыстан отын жасамақшы

ҚАРАҒАНДЫ. 11 қазан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының кәсіпкері Қадыр Тақыров ен-тегін жатқан қамысты кәдеге асыру әдісін тапты. Ол аталған өсімдіктен отын алуды көздеп отыр.
None
None

«Біздің кәсіпорнымыз - Балқашта. Қазір менің қолымда осы өндіріске қажетті инновациялық патент бар. Тәжірибе жүзінде өнім алынып, оған сараптамалық қорытынды жасалды, арнайы сертификаттар бар. Қазір итальян, дат және голландық өндіріс техникалары сатып алынды», - деді «Эко қамыс-брикет» ЖШС бас директоры Қ.Тақыров.

Сонымен қатар, кәсіпорынға өндірісті жүзеге асыру үшін жер учаскесі бөлінді.

Кәсіпкердің сөзіне қарағанда, ол бұл жобаны жүзеге асыру үшін өз қаржысын салып отыр. «Ешқандай кепілдеме алған жоқпын. «Даму» қорына жүгіндім, олар мені қолдады. Алайда миллион теңгенің мүлік кепілдігі болмағаннан кейін банк несие бермеді, ол үшін 500 мың теңге қажет», - деді Қ.Тақыров.

Не болса да, кәсіпкер өндірісті биыл іске қоспақшы.

Соңғы жаңалықтар