Балқаш ЖЭО-да монтажшы қайтыс болды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Қазақмыс Энерджи» ЖШС Балқаш ЖЭО-да жұмыс уақытында 60 жастағы монтажшы қайтыс болды, деп хабарлады «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметінен.
None
None

«25 мамырда Қазақмыс Энерджи» ЖШС Балқаш ЖЭО-ның турбина цехында наряд қабылдау кезінде «Балқаш Энергожөндеу» ЖШС мердігерлік ұйымының 1955 жылы туған монтажшысы өзін жайсыз сезінген. Дәрігер келгенге дейін әріптестері алғашқы медициналық көмек көрсетті. Алайда оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оның қайтыс болғанын анықтады», - делінген хабарламада.

Жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Қазақмыс басшылығы мен ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Соңғы жаңалықтар