Балқаш ЖЭС 2018 жылы іске қосылады

АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Балқаш жылу электр стансысы 2018 жылға қарай іске қосылмақ.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстан мен Корея арасындағы Балқаш жылу электр стансысын салуға қатысты келісімді талқылау барысында вице-премьер-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

Сөз арасында министр елдің оңтүстігіндегі қуат тапшылығына тоқтала келе, ол өңірде Екібастұз стансысының есебінен квота бойынша жылу беріліп отырғанын жеткізді. «Алайда 2018 жылға қарай энергиямен қамту жеткіліксіз болуы мүмкін деген қауіп бар. Сондықтан, Балқаш стансысын қосымша стансы ретінде салу көзделген. Жалпы 2018 жылы салынып бітеді деп жоспарланып отырған Балқаш ЖЭС-і оңтүстік өңірдегі энергия тапшылығын жояды»,- деді министр Ә. Исекешев.

Соңғы жаңалықтар