«Балқаш ЖЭС-і» АҚ капиталындағы қазақстандық үлес 45,335 млрд. теңгені құрайды

АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - «Балқаш ЖЭС-і» АҚ капиталындағы қазақстандық үлес 45,335 млрд. теңгені құрайды. Балқаш ЖЭС жарғылық капиталын әрі қарай қалыптастыру үшін 18,279 млрд. теңге бөлуі қажет.
None
None

Бүгін бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстан мен Корея арасындағы Балқаш жылу электр стансасын салуға қатысты келісімді талқылау барысында Вице-Премьер-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде Балқаш жылу электр стансасын салуға қатысты бірінші кезектегі жұмыстар (құрылыс ауласын жоспарлау және әкімшілік ғимаратқа арналған алаңды тігінен жоспарлау, теміржол стансасы, БЖЭС алаңына кіреберіс автожолдар, т/ж жолдарын бойлай салынатын алаңішілік автомобиль жолдары) жүргізілуде. Аталған нысанның құрылысы ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады.

«Бұдан бөлек, жобалау-сметалық құжаттамасы әзірлену үстінде. Оған мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алу 2013 жылдың тамызына жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың наурыз айында «Балқаш ЖЭС» АҚ-ның стансаны пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі операторды таңдау бойынша ашық халықаралық тендер өткізуі күтіледі. Сонымен қатар қуатты сатып алу мен көмірді жеткізу шартының талаптары талқылануда», - дейді Ә. Исекешев. Оның айтуынша, жобаны қаржыландыру құрылымы (70%) қарыздық қаржыландыруды және (30%) акционерлер жарналарын «Балқаш ЖЭС-і» АҚ-ға: «Самұрық-Энерго» АҚ (25%+1 акция), Самсунг Си энд Ти корпорациясы (75%+1 акция) пропорционалды қатысу үлестеріне тартуды көздейді.

«Балқаш ЖЭС-і» АҚ капиталындағы қазақстандық үлес 45,335 млрд. теңгені құрайды. Оған Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінен қазірдің өзінде 16,092 млрд. теңге бөлінді және ҚР Ұлттық Қоры қаражатынан 10,964 млрд. теңге бөлу мақұлданды. 2014-2016 жылдар кезеңінде Балқаш ЖЭС жарғылық капиталын әрі қарай қалыптастыру үшін 18,279 млрд. теңге бөлуі қажет», - дейді Ә. Исекешев. .

Соңғы жаңалықтар