«Балқашбалық» фирмасының қызметкерлерін өлтіруде күдікті танылған азаматтың тарапынан қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау өтініші қанағаттандырылмаған

ҚАРАҒАНДЫ. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы «Балқашбалық» ЖШС фирмасының 4 қызметкерін өлтіруде күдікті танылған азаматтың тарапынан бұған дейін қорқыту әрекеті болған, бірақ құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғаудан бас тартты.
None
None

Бұл туралы «Балқашбалық» ЖШС фирмасының ресми өкілі хабарлады.

«Егер Ақтоғай аудандық прокуратурасы мен Ақтоғай аудандық ІІБ қорықшылардың өміріне оқталу фактісі бойынша келіп түскен арыздарды тиісті түрде қарастырған болса, кәсіпорын қызметкерлерінің аман қалуы мүмкін еді. 2012 жылғы 16 қарашада Ақтоғай аудандық ІІБ қазіргі кезде 4 адамды өлтіруде күдікті танылып, өзіне өзі қол жұмсап мерт болған Юрий Крыловқа қатысты қылмыстық іс қозғаудан бас тартты. 2012 жылғы 26 желтоқсанда Ақтоғай аудандық прокуратурасы «Балқашбалық» фирмасының қылмыстық іс қозғамау туралы қаулысын болдырмау өтінішін орындамай, оны «Ю.Крыловтың әрекеттерінде қылмыс құрамы жоқтығына» сілтеді», - деді кәсіпорын өкілі.

Оқиға өткен жылдың қазан айында болды. «Қорықшылық қызметінің жұмыскерлері учаскені патрульдеу кезінде шабуылға ұшырады, қайықпен жүрген Крылов олардың кішкене кемесін соқты. Осының барлығы видеоға жазылды», - деп түсіндірді өкіл.

Құқық қорғау органдары мұнда заңға қайшы келетін ештеңені көрмеді. «2012 жылдың 16 қарашасында учаскелік инспектор Ю.Крыловтың әрекеттерінде қылмыс құрамының жоқтығынан қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарды. Қабылданған процессуалдық шешіммен прокуратура да келісті. Қаулыны болдырмауға негіз жоқ. Ұсынылған бейнежазба қаралды, бірақ Крыловтың аталған оқиғада кінәсі анықталмады», - делінеді Ақтоғай ауданының прокуроры М.Кәрімов қол қойған хатта.

Бұрын хабарланғандай, 2013 жылдың 12 қаңтарында Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Шашубай кентіне жақын жерде Балқаш көлінің мұзында тұрған УАЗ-390 көлігінің ішінен 4 адамның өртеніп кеткен мүрделері табылды. Мүрделер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Анықталғандай, өлтірілгендер «Балқашбалық» ЖШС фирмасының қызметкерлері болып шықты: үшеуі қорықшылық қызметтің жұмыскері және кәсіпорынның заңгері, фирма басшысының зайыбы. Оларға басында оқ атылды, одан кейін мүрделер салынған көлікті басқа жерге айдап апарып, өртеген. Қылмыс орындарын тергеу анықтады.

Жоғалған қызметкерлерді 9 қаңтардан бастап іздеді. 4 адамды өлтіруде күдікті Ю.Крылов 11 қаңтар күні өзіне өзі мылтықтан оқ атып көз жұмды. Оның денесі балық аулау тұрағында табылды.

Адам өлтіру фактісімен ҚР ҚК-нің 96 бабының 2 бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар