Балқашта дәмханадағы өрт салдарынан 8 адам эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM - Балқаш қаласының Мира көшесінде 4 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған дәмхананың ас үйінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Балқашта дәмханадан өрт шықты
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, төтенше жағдайлар саласының өкілдері өрт кезінде 8 адам, оның ішінде 3 бала эвакуациялады.

«Оқиға орнына келген құтқарушылар мекеменің ас үйінде қазақнда май жанғанын анықтады. Өрт сөндірушілер 6 шаршы метр алаңды шарпып үлгерген өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ»,-делінген хабарламада.

«Есіңізде болсын! Егер май жанса:

Тамақ пісіріп жатқан пешті немесе электр құрылғысын өшіріңіз;

Табаны немесе кастрюльді қақпақпен жабыңыз, бірақ шыны қақпақ болмауы керек!

Жанып тұрған майды сумен сөндірмеңіз - бұл қауіпті;

Өрт сөндіргіштерді сатып алыңыз, алғашқы өрт сөндіру құралы жедел қызметтер келгенге дейін жалынды сөндіруге көмектеседі», - деп ескертеді ҚР ТЖМ өкілдері.

Осыған дейін елордада құрылысы жүріп жатқан ғимараттан өрт шыққан болатын.

Соңғы жаңалықтар