Балқашта тұрғын үйдің маңынан жарылу қаупі жоғары артиллериялық снарядтар табылды

ҚАРАҒАНДЫ. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Балқаш қаласында тұрғын үйдің жанындағы құдықтан артиллериялық снарядтар табылды, деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

«13 наурыз күні Қарағанды облысының Балқаш қаласында тұрғын үйлердің бірінен 70 метр жерде 5 снаряд табылды. Мамандар тексеру барысында анықтағанындай, табылған снарядтар артиллериялық болып табылады, калибрі 152 мм, жару тетігінсіз, іштері жарылғыш заттарға толтырылған», - делінген баспасөз хабарында.

Тотығу салдарынан снарядтардың маркасын анықтау мүмкін болмады.

«Табылған снарядтардың жарылу қаупі бар және олар жойылуға жатады», - деп атап өтілді хабарламада.

Соңғы жаңалықтар