12:02, 23 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Балқаштағы жәрмеңкеде 8 млн. теңгенің ауылшаруашылық өнімдері сатылды
ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Балқашта (Қарағанды облысы) Ақтоғай ауданының тауар өндірушілері мен қаланың төмен бағалы тауар жеткізушілерінің қатысуымен өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесінде 8 млн. теңгеден астам қаражаттың өнімдері сатылды.
Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
«Соның ішінде жергілікті бағбандар өздері өсірген өнімдерді 244 мың теңгеге сатты. Жәрмеңкеге 8,5 тонна ет, 0,19 тонна тауық өнімдері, 28 тоннадан астам жеміс-жидек өнімдері, 0,12 тонна балық және балық өнімдері, 7100 дана жұмыртқа, 1,7 тонна басқа да азық-түлік тағамдары, 1,25 тонна үй майы, қаймақ мен ірімшік қойылған», - деп атап өтті қалалық әкімдікте.