Балконына өтпек болған өскемендік зейнеткер құлап кетіп, мерт болды

ӨСКЕМЕН. 6 шілде. ҚазАқпарат - Көршісінің балконынан бір қабат жоғарыда орналасқан өз балконына өтпекші болған өскемендік зейнеткер үшін бұл әрекеті қайғылы аяқталды.
None
None

Ер адам кілтін үйінде ұмытып, жас көршісіне келіп, пәтеріне кіру үшін оның балконы арқылы өз балконына өтуді сұраған еді.

 Жас адам көршісінің алкогольдік ішімдік ішкеніне қарамастан оның өтінішін орындады.

 Ескі әскери портупейіне сенген зейнеткер балконға шықты. Бірақ портупея оның денесінің салмағына шыдамай, үзіліп кетті. 4-ші қабаттан құлаған ер адам есін жинамастан оқиға орнында қаза тапты.

 Жәбірленушінің кеудешесінде ақша, көкөністер, қолшатыр  бір шөлмек арақ бар болып шықты, деп хабарлайды ШҚО ІІД-нен.

Соңғы жаңалықтар