Балнұр Мəскеуде мода əлемін мойындатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы уақытта сəн əлемінің белді өкілі - «Сымбат» сəн академиясының арт-директоры Балнұр Асанованың жолы болып тұр, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті бүгінгі санында.
None
None

Өткен жылы күзде Мəскеудегі Ресей Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясында Еуразиялық жүлденің «Дизайн» номинациясы бойынша алтын лауреаты атанған Асанова бар болғаны бір айдан кейін мəскеуліктерді тағы да тəнті еткен болатын.

Жыл сайын өткізілетін Мəскеу сəн апталығы - əлемдегі ең беделді париждік, миландық, нью-йорктік, лондондық бестіктің бірі болып табылады. Асанова бұл апталыққа 2003 жылдан бері қатысып келеді жəне кəсіпқойлық тұрғыда бəсекелестерін мойындатуға көшті.

Дизайнер ретінде əбден кемеліне келген Асанова мода əлемін таңғалдырамын деп ерсі эксперименттерге бармай-ақ, жексенбі, 27 наурызда Мəскеуде өткен халықаралық сəн апталығында «Хрус тальный» подиумында əріптестерін тағы бір рет мойындатты.

Қазірдің өзінде мода қуған мəскеуліктерге танымал болып үлгерген қазақ дизайнерін қолдауға сондағы достары жəне Ресей артистері мен ресейлік блогерлер келген. Егер биылғы Мəскеудегі сəн апталығын насихаттауға 3 мыңнан астам шетелдік жылтыр журналдар, халықаралық телеарналар тіркелгенін ескерсек, онда оқиғаның маңыздылығы арта түспек.

Аса беделді сəн апталығына бұл жолы Асанова «Күз-Қыс - 2016-2017» киім үлгілерін апарған. Қазақ қызының барынша креативті коллекциясы - тоқыма киімдерге түскен сан алуан кестелерімен келушілердің көзін арбап, бағасына қарамай, жаңа коллекцияны сатып алуға ұмтылған адамдар көптеп табылыпты. Биыл Балнұр бірінші рет трикотаждық киімдермен жұмыс істеп, сəн əлеміне сүйреді.

Осы арада Балнұрдың сəн үлгілері өзіндік сипаттан ажырамайтынын, бұлжымайтын тұжырымды алға сүйрейтін тамаша стилі бар екендігін атаған жөн. Əр түрлі жіптерден тоқылған киім дерге түскен өрнектер мен көркем кестелер, жібек араласқан арабескалық сипаттар Мəскеуді тағы да мойындатты. Қазақстандық fashion-индустрияның бастауында тұрған Балнұр еліміздің мемлекеттік байра-ғының эталоны мен ҚР Тұңғыш Президентінің штандартын дайындағанын ұдайы мақтан тұтады.

Соңғы жаңалықтар